
Қостанай облысының ауыл тұрғындарын ауыз сумен жабдықтауды субсидиялау мақсатында су ақысының мөлшерін қайта қарау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат.
Ауыл тұрғындарын әлеуметтік қолдаудың маңызды мәселелерінің бірі ауыз сумен жабдықтауды арзандату мақсатында субсидиялау болып табылады. Халық ауыз су үшін төлейдіАуыз суды есепке алу құралының болуына байланысты м3 үшін 55-70 теңге (Қостанай облысы мәслихатының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы №252 шешімі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады).Уәкілетті орган бекіткен су тарифтері 128 теңге/текше метрден 5 541 теңгеге дейін (Құмкешу ауылы, Жангелдин ауданы) құрайды.2023 жылы облыстың сумен жабдықтаушы кәсіпорындарына (21 кәсіпорын) 175 мың адамды қамти отырып, 130 елді мекеннің тұрғындары үшін 3,4 млн.текше метр көлемінде 1,9 млрд. теңгеге ауыз су субсидияланды.2024-2026 жылдар кезеңінде 5,3 млрд. теңге көзделген (2024 ж. -1,7 млрд. теңге, 2025 ж., 2026 ж. - 1,8 млрд. теңге) Субсидиялауға арналған шығыстар жылдан жылға жаңа тұтынушыларды қосу, су тарифтерінің өсуі, сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін пайдалануға беру есебінен ұлғаяды (соңғы 5 жылда субсидиялау сомасы 952 млн. теңгеден 1,9 млрд. теңгеге дейін өсті. Сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және жергілікті жүйелерінің тізбелерінде барлығы 74 су құбыры бар. Федоров ауданының "Пешковка" ЛВ, Қарасу ауданының "Амангелді" ЛВ, Науырзым ауданының "Раздольное" ЛВ 2 су құбырын қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде).