
2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыруға облыс бойынша 55 жобаға (қалалық – 13 (оның ішінде сумен жабдықтау – 9, су бұру – 4), ауылдық – 42) 32,5 млрд.теңге көзделген (Республикалық бюджет – 2,1 млрд., Ұлттық қор – 6,9 млрд., Арнаулы мемлекеттік қор –
14,8 млрд. Үкімет резерві – 0,5 млрд., жергілікті бюджет - 8,2 млрд.).
Оның шеңберінде Арқалық (96,5%-дан 100%-ға дейін) және Тобыл қалаларын (87,9 %-дан 100%-ға дейін) және халық саны 18,5 мың адам болатын 37 ауыл халқын (сумен жабдықтау жүйелерін салу бойынша жобаларды іске асыру, 14 ауылда су тарату пункттерін орнату) сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жоспары орындалды. 7 ауылда сумен жабдықтау жақсартылды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай облысында сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қала халқы бойынша 99 %-дан 100%-ға дейін, ауыл халқы бойынша 91,3%-дан 100%-ға дейін өсті. 56 ауыл СТП орнатудан бас тартып, суды құдықтан және ұңғымалардан пайдаланады.
2026 жылы сумен жабдықтау және су бұру жобалары бойынша 10 жобаны іске асыруға 4,4 млрд.теңге бөлінді, оның ішінде 1,5 млрд.теңге 6 ауылдық сумен жабдықтау жобалары үшін және 2,9 млрд.теңге қалалық сумен жабдықтау және су бұру бойынша 4 жоба үшін (1 су бұру жобасы –
2,2 млрд.теңге, 3 сумен жабдықтау жобасы – 0,7 млрд.теңге).
Қосымша «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде 5,4 млрд.теңге сомасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару есебінен 4 сумен жабдықтау және су бұру жобасын іске асыру жоспарланған.
2026 жылдың қорытындысы бойынша жобаларды іске асыру шеңберінде сумен жабдықтау желілерінің деңгейін 29,9%-дан 29,7%-ға және су бұру желілерінің деңгейін 57,9%-дан 57,7%-ға дейін төмендету жоспарлануда.