
"Әділетті Қазақстан – барлығы және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында жылу желілерінің тозуын 2029 жылға қарай 43%-ға дейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде.Облыс бойынша жылу желілерінің жалпы ұзындығы 737,56 км,2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тозу 43%-ды құрады.2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы ұзындығы 32,5 км жылу желілеріне күрделі жөндеу және реконструкциялау жүргізілді.2025 жылдың қорытындысы бойынша жылу желілерінің тозуы
45,0%-ға дейін төмендейді, бұл, әрине, жылумен жабдықтау сенімділігін арттырады және қысқы кезеңде авариялық жағдайларды азайтады. Ағымдағы жылы қазандық жабдықтарын күрделі және ағымдағы жөндеуге шамамен
5,4 млрд. теңге қарастырылған (облыстық бюджеттен – 2,3 млрд.теңге, кәсіпорындардың өз қаражатынан – 3, 1 млрд. теңге).Сонымен қатар, ағымдағы жылы құны 1,5 млрд теңге болатын Қостанай қаласының ЖЭО мазут шаруашылығын қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
