GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік жобалар
Все материалы
22 октября 2026
БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗ

2026 жылғы 22 қазанда Қостанай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен «Қостанай облысы – диалог, өзара құрмет пен рухани келісім мекені» тақырыбында брифингі өтті.

Брифинг барысында Қостанай облысының аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, конфессияаралық және рухани келісімді нығайту мәселелері, сондай-ақ өңірдегі діни ахуалдың ағымдағы жағдайы мен даму үрдістері қамтылды.

22 октября 2026
Қазақстан Республикасы Күні және Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел

2026 жылғы 21 қазанда Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасымен Қазақстан Республикасы күні мен Рухани келісім күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына «Қазақстан Халқы кеңесі» мүшелері, облыстың діни бірлестіктерінің, «Діндерді талдау және зерттеу орталығы» КММ-нің және БАҚ өкілдері қатысты. 

Іс-шара барысында конфессияаралық келісімді сақтау және нығайту, қоғамдағы толеранттылықты дамыту, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы сындарлы диалогты қамтамасыз ету, сондай-ақ дін саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды.

«Қазақстан Халқы кеңесі» мүшесі Д.И.Павленко жоғары конституциялық консультативтік органның құқықтық мәртебесі мен негізгі қызметі, Қазақстан Халқы кеңесі қызметінің мақсаттары мен міндеттері, қағидаттары мен өкілеттіктері, оның құрамын қалыптастыру және құру тәртібі, Қеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, заң шығару бастамасы құқығын іске асыру, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен, өзге де коммерциялық емес ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл туралы хабардар етті.    

Іс-шараны өткізу барысында Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы облыс әкімі орынбасарының атынан конфессияаралық келісімді сақтауға қосқан үлесі үшін діни бірлестіктердің 5 өкіліне алғыс хат табыс етті.

Дөңгелек үстел соңында Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, бірлік, құрмет пен жауапкершілік – қоғамды мықты әрі ұйымшыл ететін негізгі құндылықтар екенін атап өтті.

Қатысушыларды Рухани келісім күнімен және келе жатқан ұлттық мереке Республика күнімен тағы да құттықтап, барша қатысушыларға тәуелсіз Қазақстанның өркендеуі жолында денсаулық, амандық және жаңа жетістіктер тіледі!     

22 октября 2026
«Көкейтесті сұхбат» хабарында

2026 жылдың 21 қазанында Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қызметкері С.Әбдиев қатысуымен «АЛАУ» телеарнасының «Көкейтесті сұхбат» бағдарламасы барысында  қоғамдағы түйткілді мәселелердің бірі діни экстремизм мен терроризм және деструктивті діни ағымдар идеологиясына қарсы күрес және алдын алу, діни-құқықтық сауаттылықты арттыру, сондайй-ақ ақпараттық-түсіндіру және қарсынасихаттау жұмыстары саласында шараларды ұйымдастыру жөнінде өзекті тақырыптар талқыланып, өз пікірін ортаға салды.

13 октября 2026
Жоғарғы оқу орындары өкілдерімен кездесу

2026 жылғы 5 қазанда Облыс әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы қоғамдық даму бсқармасымен бірлесіп жастар арасында діни экстремизм мен терроризмді алдын алу мәселелері бойынша ЖОО өкілдерімен кездесу өтті.

Шара барысында негізгі назар студенттер арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі жұмысты жүйелі жолға қоюға, сондай-ақ заңсыз интернет-контентке қызығушылық танытқан студенттерді дер кезінде анықтауға аударылды.

Жоғары оқу орындарының өкілдері ұсынылған ынтымақтастық тетігін құптап, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

АТТ
12 октября 2026
Ақпараттық-түсіндіру кездесуі

2026 жылғы 10 қазанда «Ел ертеңі» ЖҚБ облыс әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Діни қатынастар және конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жобасы шеңберінде А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде жастармен кездесу ұйымдастырлды.

Іс-шараның мақсаты – жастардың діни-құқықтық сауаттылығын арттыру, зайырлы мемлекет қағидаттарын терең түсінуге ықпал ету, қазақстандық қоғам құндылықтарын сіңіру және қазақстандық бірегейлікті нығайту.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасының негізгі ережелері түсіндірілді. Діни әртүрлілік мәселелеріне, әртүрлі дүниетанымдарды құрметтеудің маңыздылығына және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөліне ерекше назар аударылды.

12 октября 2026
Шахмат турнирі

2026 жылдың 9 қазанда Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы және «Ел ертеңі» ЖҚБ қолдауымен  діни бірлестіктер көшбасшыларының клубы аясында «Рухани келісім күніне» арналған өңірдің діни бірлестіктері өкілдері арасында шахматтан турнир ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты: конфессияаралық және қоғамдық келісімді нығайту, діни ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту, шахматты кеңінен насихаттау, діни бірлестіктердегі үздік шахматшыларды анықтау және салауатты өмір салтын дәріптеу.

Турнирге ҚМДБ облыстық филиалы, «Қостанай және Рудный епархиясы», «Жетінші күн адвентистері», «Өмір бұлағы» (Қостанай қаласынан) және «Жаңа өмір» (Рудный қаласы) діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдерлі орындарды «Өмір бұлағы», «Жетінші күн адвентистері» ДБ және «ҚМДБ облыстық филиалы» өкілдері иеленді. Турнир жүлдегерлері мен барлық ойыншылар грамоталар және сыйлықтармен марапатталды. Спорттық іс-шара соңында қатысушылар өз әсерлелерімен бөлісіп, жарыстың ұйымдастырылуы үшін алғыстарын білдірді.

12 октября 2026
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысы

Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қызметкерлері Б.С. Бөкеев пен С.А. Әбдиев ағымдағы жылдың
7 қазанында Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XXIV отырысына қатысты.

Отырыстың күн тәртібі аясында діндердің климаттың өзгеруіне қарсы күреске қосқан үлесі, діни салада жасанды интеллектті пайдалануға қатысты этикалық кодекс, «Ауруынан айықпас балалардың құқықтары туралы хартияны» ілгерілету жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақтың бастамалары, сондай-ақ Съезд Хатшылығының XXIV отырысы өтетін орыны мен уақытын айқындау мәселелері талқыланды.

Отырыс жұмысына Қазақстан халық Кеңесі, дипломатиялық корпус, Дін істері комитеті, аймақтық дін істері басқармалары, халықаралық ұйымдар, діни бірлестіктер, ғылыми-сараптамалық қауымдастық, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар қатысты.

21 сентября 2026
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы

2026 жылдың 19 қыркүйегінде Дін істері жөніндегі басқарманың және оның ведомстволық бағынысты мекемесі қызметкерлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Экосаябақ» аумағындағы жалпыоблыстық сенбілікке қатысып, аймақтың абаттандырылуы мен тазалығына үлес қосты.

АТТ
16 сентября 2026
Этномәдени бірлестіктер өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру кездесу

2026 жылғы 16 қыркүйекте «Ел ертеңі» ЖҚБ (Қостанай қ.)Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен  «Діни қатынастар және конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жоба шеңберінде өңірдің этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен өкілдері арасында қазақстандық қоғамның құндылықтарын сіңіруге және қоғамдық келісімді, толеранттылық пен гуманизмді нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.

          Спикер ретінде облыстық діни мәселелер жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Р.Ж.Мурзагалиев «ҚР діни саладағы заңнамасын түсіндіру» тақырыбында сөз сөйледі.

          Кездесу барысында спикер мемлекеттік саясат қағидаттарын, рухани-адамгершілік құндылықтарды, Қазақстан халқының ұлттық салт-дәстүрлеріне тән қоғамдық келісімді, толеранттылық пен гуманизмді нығайтуды, этносаралық және этносішілік қақтығыстар мен келіспеушіліктерге жол бермеуді, ҚР заңнамалық актілерін сақтау қажеттілігін түсіндірді, сондай-ақ іс-шараға қатысушыларды Қазақстан халқының бірлігін, құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» сезімін насихаттауға шақырды.

АТТ
08 сентября 2026
Жастар арасында ақпараттық-түсіндіру шарасы

2026 жылғы 25 тамызда «Ел ертеңі» ЖҚБ (Қостанай қ.) Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Діни қатынастар және конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша
іс-шаралар ұйымдастыру» мемлекеттік әлеуметтік жоба шеңберінде қазақстандық қоғамның құндылықтарын сіңіруге және қазақстандық бірегейлікті нығайтуға бағытталған өңірдегі жастар ұйымдары белсенділерімен кездесу ұйымдастырылды.

Қоғамдық даму басқармасының бас сарапшысы Б.Б.Сегизбаев және діни мәселелер жөніндегі облыстық АТТ мүшесі Р.Ж.Мурзагалиев спикерлер ретінде сөз сөйледі.

Кездесуше қатысушылар бейбіт қатар өмір сүру, төзімділік және түрлі діни және мәдени дәстүрлерге құрметпен қарау бойынша өздерінің көзқарастары мен идеяларымен белсенді түрде бөлісті. Сонымен қатар, жастар интернетте және әлеуметтік желілерде діни білім алудың, радикалды материалдарды жариялаудың және орналастырудың, тыйым салынған интернет-ресурстарға кірудің қауіптілігі туралы хабардар етілді.

Социальные сети
facebook
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы