Қымбатты қостанайлықтар !
Барлық православиеліктерді Рождество Христово мерекесімен құттықтаймын!
Бұл миллиондаған адамдардың үйіне қуаныш алып келетін, айналасына адамгершілік және рухани құндылықтар біріктіретін, қайырымдылық және мейірімділіктің керемет мерекесі.
Православие отбасы институтының нығаюына, жастарды тәрбиелеуге, ұлтаралық және конфессияаралық диалогты үйлестіруге зор үлесін қосады. Мұндай ағартушылық жұмыс терең ризашылық пен құрметке лайық.
Құрметті жерлестер! Жақыныңа, өз халқыңа, өз еліңе деге махаббат күшейіп, біздің барлығымызды біріктірсін. Тек қана бірлікте біз барлық қиындықты жеңіп, Әділетті Қазақстанның жаңаруы, модернизациясы және құрылуы жолында қойылған мақсаттарға жете аламыз.
Осындай жарқын мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға береке, тыныштық тілеймін, сіздердің барлық арман-тілектеріңіз орындалсын!
Қостанай облысы әкімі Қ.Ақсақалов