ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына (бұдан әрі Заң) және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидалары бекітілді.
Дін істері жөніндегі басқармасы келесі мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырады:
қайта тіркеуді жүргізу»;
(ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру»;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз және электрондық нысанда - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы тегін көрсетіледі.
Дін істері жөніндегі басқарма 2021 жылы 16 мемлекеттік қызметті көрсетті. Соның ішінде: 9 – миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу, 5 - ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және 2 - діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлеріне (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруды келісу туралы.
2021 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты бас тартулар немесе шағымдар тіркелмеген.
Заңды орындау шеңберінде облыс әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және оларды көрсету тәртібі туралы ақпаратты Басқарманың ресми сайтына, ақпараттық стендтеріне орналастырды.
Басқарма жұмысының жоспарына сәйкес барлық тіркелген діни ұйымдары басшыларының қатысуымен жұмыс кеңестерін өткізуді тәжірибеге енгізуде, оларда дін қайраткерлеріне діни қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері түсіндіріледі.
Бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде облыс әкімінің аппаратына ай сайын бекітілген нысанға сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есептік ақпарат жіберіліп тұрады, тұрақты негізде дін саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі жүргізіледі.
2021 жылдың қорытындысы бойынша дін саласында мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ.