2020 жылдың 29 шілдесінде Облыс әкімдігінің дін істері жөніндегі басқарма басшысы Үмбетов Жанболат Жұмабайұлымен дін саласында қызметін іске асыратын үкіметтік емес ұйымдармен «ZOOM» қосымшасы арқылы онлайн форматта кездесу өткізілді.
Онлайн-кездесу Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016 – 2020 жылдарға арналған Ұлттық жоспарды орындау аясында өткізілді.
Іс-шараға «Ассоциация психологов Костанайской области» ҚҚ төрағасы Калюжная Юля Амантаевна «және «Социум&Я» ҚБ директоры Дүйсеков Абай Хасенұлы қатысты.
Кездесу мақсаты – ведомствоаралық деңгейде ҮЕҰ-мен өзара қарым-қатынасты нығайту, ҮЕҰ қолдаудың мемлекеттік механизмі аясында әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыру сапасын жоғарылату, кәсіби салада мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді шешу және т.б.
Онлайн-кездесу барысында шектеу шаралары жағдайында жобаларды іске асыру бойынша проблемалық мәселелер, ағымдағы мәселелер (әлеуметтік желілер арқылы халықты қамтуды арттыру, радиоға шығу, бейне өнімдерінің, баспа материалдарының тақырыбы және мазмұны және т.б.), есеп беру, 2021 жылы жоспарланған жобалар талқыланды.
«Социум&Я» ҚБ директоры Абай Хасенович Дүйсеков облыс аумағындағы карантиндік және шектеу шараларының әрекетіне және елдегі эпидемиологиялық жағдайға (бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу және т.б.) байланысты бірқатар индикаторларға түзетулер енгізу және қаржыландыру сомасын қысқарту мүмкіндігін қарау туралы ұсыныс айтты.
Жалпы, дін саласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жыл сайын «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» және «Жат пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы» екі әлеуметтік-маңызды жобалар іске асырылады, оларды «ГрИн Қостанай облысының азаматтық альянсы» ҚҚ мен «Ассоциация психологов Костанайской области» ҚҚ жүзеге асыруда.
Жобалардың іске асырылуы діни экстремизм және терроризм идеяларын таратудың алдын алуға, халықтың діни сауаттылығын арттыруға, деструктивті діни ағымдардың қызметінен зардап шеккен тұлғаларға уақытылы және сапалы кеңестік, психологиялық, заңды көмек беруге бағытталған.
Онлайн-кездесу барысында, болашақта жүзеге асырылатын әлеуметтік маңызы бар жобаларды тиімділігін арттыру және облыстың үкіметтік емес ұйымдарымен жемісті өзара ынтымақтастыққа жету үшін қажетті шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік беретін ҮЕҰ-мен жұмыс істеудің белгілі бір оң тәжірибесі жасалды.
Осындай кездесулер бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде өткізіледі.