«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидалары бекітілді.
Облыс әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы келесі мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырады:
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз және электрондық нысанда - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы «www.egov.kz», «www.elicense.kz» арқылы тегін көрсетіледі.
2023 жылы Дін істері жөніндегі басқарма 36 мемлекеттік қызметті көрсетті, соның ішінде: 34 – миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу және 2 - ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу туралы, оның ішінде – 9 электрондық форматта.
«Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды.
2023 жылғы 9 қарашада жоғарыда аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға 1 қарсылық келіп түсті. Көрсетілетін қызметті беруші тарапы көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын қарады және тиісті жауап берді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша дін саласында мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан басқа шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінің бұзылу тіркелген емес.
Заңды орындау шеңберінде облыс әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және оларды көрсету тәртібі туралы ақпаратты Басқарманың ресми сайтына, ақпараттық стендтеріне орналастырды.
Басқарма жұмысының жоспарына сәйкес барлық тіркелген діни ұйымдары басшыларының қатысуымен жұмыс кеңестерін өткізуді тәжірибеге енгізуде, оларда дін қайраткерлеріне діни қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері түсіндіріледі.
Бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде облыс әкімінің аппаратына ай сайын бекітілген нысанға сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есептік ақпарат жіберіліп тұрады, тұрақты негізде дін саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі жүргізіледі.
«Қостанай облысы әкімдігінің дін
істері жөніндегі басқармасы» ММ