Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының 2022 жылға арналған мемлекеттік қызметтер бойынша есебі

        ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына (бұдан әрі Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету Қағидалары бекітілді.

        Дін істері жөніндегі басқармасы келесі мемлекеттік қызметтерді жүзеге асырады:

        - «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу»;

        - «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру»;

        - «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру»;

        - «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру».

        Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы бұйрығымен «Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде орналасуын келісу туралы шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып тасталды.

        Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағаз және электрондық нысанда - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және «Электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы тегін көрсетіледі.

        Дін істері жөніндегі басқарма 2022 жылы 35 мемлекеттік қызметті көрсетті. Соның ішінде: 32 – миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу және 3 - ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу туралы, оның ішінде – 9 электрондық форматта.

        Заңды орындау шеңберінде облыс әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және оларды көрсету тәртібі туралы ақпаратты Басқарманың ресми сайтына, ақпараттық стендтеріне орналастырды.

        Басқарма жұмысының жоспарына сәйкес барлық тіркелген діни ұйымдары басшыларының қатысуымен жұмыс кеңестерін өткізуді тәжірибеге енгізуде, оларда дін қайраткерлеріне діни қатынастарды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері түсіндіріледі.

        Бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде облыс әкімінің аппаратына ай сайын бекітілген нысанға сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есептік ақпарат жіберіліп тұрады, тұрақты негізде дін саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі жүргізіледі.

        2022 жылдың қорытындысы бойынша дін саласында мемлекеттік қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты бас тартулар немесе шағымдар тіркелмеген.

Дата публикации
23 января 2023
Дата обновления
23 января 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

01 июля 2025
«ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕР ЛИДЕРЛЕРІ СЪЕЗІНІҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ - ҚОҒАМНЫҢ РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІГІ»
Ақпарат
04 апреля 2025
«Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері»
Баспасөз релиздері
02 апреля 2025
Қостанай облысы әкімдігінің «Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» қаулысының жобасы

Социальные медиа

facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы