Қостанай облысының дін саласындағы жағдайы туралы ақпарат

Қостанай облысындағы діни ахуал тұрақты деп сипатталады. Өңірдегі діни ахуалға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Облыс аумағында діни қызметті 102 діни бірлестік жүзеге асырады, оның ішінде 26-исламды, 33-православие, 4-католицизм, 38-протестантизм, 1-кришнаитты құрайды, барлығы жиынтықта 10 конфессияны білдіреді.

94 ғибадат нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 26 мешіт, 36 православтық шіркеуі, 4 католик шіркеуі, 28 ғибадат үйі. Қалған діни бірлестіктер өз іс-шараларын жалға берілетін үй-жайларда өткізеді.

Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдардың саны 10 адамды құрайды, олардың барлығы шетелдік азаматтар болып табылады. Конфессиялық қатынаста 2 миссионер католиктік приходтарға (Польшадан) және 8-протестанттық «Церковь Жатвы»  ДБ (Ресейден) жатады.

Соңғы үш жылда ғибадат объектілері санының өсуі байқалмайды. Екі мешіттің (Қостанай ауданы Заречное ауылы және Наурызым ауданы Шилі ауылы) және бір православиелік ғибадатхананың (Рудный қ.) құрылысы жүргізілуде.

Қостанай облысында діни білім беру ұйымдары тіркелмеген.

Ағымдағы жылы күмәнді шетелдік теологиялық оқу орындарында (бұдан әрі - ШТОО) білім алып жатқан облыс тұрғындары жоқ.

Аймақ аумағында тіркелген деструктивті діни бірлестіктер жоқ. Шетелде діни негізде әскери қақтығыстарға қатысатын облыс тұрғындары, сондай-ақ «Жусан» және «Русафа» арнайы операциялары шеңберінде террористік белсенділік аймақтарынан қайтарылған тұлғалар жоқ.

Өңірде жұмыс істейтін дін мәселелері жөніндегі тақырыптық ақпараттық-түсіндіру топтары (21 АТТ, құрамында 228 адам) 2026 жылдың басынан бастап (қаңтар-наурыз) халықтың әртүрлі топтары (студенттік және оқушы, жұмыс істейтін, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз жастар мен азаматтар, еңбек ұжымдары, сауда үйлері мен базарлар, ауыл тұрғындары, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау мекемелері, мемлекеттік және құқық қорғау органдары, көлік қызметкерлері, қандастар, діндар халық) арасында 28307 адамды, оның ішінде 23494-жастарды қамти отырып, діни сауаттылықты арттыруға, діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасына бағытталған, 706 ақпараттық және түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

Бөлінген ортада / тәуекел топтарында (жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, маргиналдар, сотталғандар және олардың жақын туыстары, қандастар, азаматтардың әлеуметтік осал санаттары, вахталық әдіспен жұмыс істейтіндер, еңбек мигранттары) 392 іс-шара өткізілді.

Анықтама: ҚР МАМ бекіткен бірыңғай алгоритм шеңберінде Интернет-кеңістікте деструктивті діни ағымдар идеологиясының таралуының профилактиксы және оған қарсы іс-қимыл бойынша мақсатты жұмыс ұйымдастырылды.

«ВКонтакте», «YouTube», «Facebook», «Instagram», «Одноклассники» әлеуметтік желілерінде және «Telegram», «WhatsApp» мессенджерлерінде деструктивті діни ағымдар, экстремизм және терроризм идеяларын қарсы насихаттауға, сондай-ақ қазақстандық қоғамның құндылықтарын насихаттауға және Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнама нормаларын түсіндіруге бағытталған жұмыстар жүргізілуде (2026 жылдың басынан бастап 80-нен астам қарсы үгіт материалдары, оның ішінде бейнероликтер орналастырылды).

Негізгі конфессиялардың көшбасшыларымен тұрақты негізде ұлттық заңнама талаптарын, оның ішінде діни бірлестіктер көшбасшылары клубының жобасын қатаң сақтау қажеттілігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, ақпараттық-түсіндіру, оңалту және қарсы насихаттау жұмыстарының тиімділігіне дін саласындағы жергілікті атқарушы органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымының жобаларын іске асыру нәтижесінде қол жеткізілді.

Жобалар діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуының профилактикасына, оның ішінде интернет-кеңістікте, халықтың діни сауаттылығын арттыруға, деструктивті діни ұйымдардың қызметінен зардап шеккен тұлғаларға уақытылы және сапалы консультациялық, психологиялық, заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған.

Қостанай облысында соңғы үш жылда жүргізілген социологиялық зерттеулердің деректері бойынша сенуші жастардың орташа көрсеткіші сауалнамаға қатысқан жастардың жалпы санының 11,18% -ын құрады.

2025 жылы сауалнамаға қатысқан жастардың 15,1% - ы дінге сенушілер екенін атап өтті.  Бұл көрсеткіш 2024 жылы 14,4%, ал 2023 жылы 10,6% құраған.

Жалпы, облыстағы мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық қатынастар қолайлы тұрақты дамуда, діни фактормен шартталған ашық қақтығыстар мен діни бірлестіктер және сенушілер арасында терең қайшылықтар жоқ.

 

 

 

 

Дін істері жөніндегі басқарма

басшысы                                                         Б. Букеев

Қостанай облысының дін саласындағы жағдайы туралы ақпарат
Дата публикации
16 апреля 2026