Дін істері жөніндегі басқармасының қызметін қамтамасыз етуге 2025 жылға облыстық бюджеттен 250 233,8 мың теңге лимит бөлінді, барлық бағдарламалар бойынша кассалық атқарылу 250 232,7 мың теңгені құрады.
Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру қорытындылары, қол жеткізілген нәтижелер:
269001 «Жергілікті деңгейде діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»
Әкімдіктің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 585 қаулысына өзгерістер енгізілумен, штат бірліктерінің саны 5 адамды құрайды.
2025 жылға 69 526,7 мың теңге бюджет қаражаты бөлінді, бюджеттік бағдарлама бойынша есепті жыл үшін төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының орындалуы 69 526,1 мың теңгені құрады, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан төленген міндеттемелер сомасының ауытқуы 0,6 мың теңгені, орындамау сомасы дөңгелектеуге байланысты 0,6 мың теңгені құрады.
Бюджеттік бағдарлама түпкілікті нәтижесінің көрсеткіштері:
Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижесінің көрсеткіштері:
2024 жылы 61050,3 мың теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді, қаржыландыру жоспарының орындалуы 61049,6 мың теңгені құрады. 2023 жылы 54474,5 мың теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді, қаржыландыру жоспарының кассалық орындалуы 54473,9 мың теңгені құрады.
Басшы Б.С. Букеев
Әкімшілік бөлімінің
басшысы Г.Н. Тауекелова