«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Қостанай облысы әкімдігінің «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 410 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3840 болып тіркелген);
2) Қостанай облысы әкімдігінің «Әкімдіктің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 410 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 387 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4229 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Облыс әкімі Қ. Ақсақалов