Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөнәндегі басқармасы ММ және Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Қостанай қ. 12 маусым 2024 жыл
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) бекіткен 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №488 сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөнәндегі басқармасы ММ (бұдан әрі - Басқарма) және Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ (бұдан әрі - Орталық) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдуды жүзеге асырылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау объектісі (бұдан әрі - Талдау) Басқарма мен Орталықтың қызметі болып табылады.
Басқарма мен Орталық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында Басқарма басшысының 2024 жылғы 10маусымдағы №31 н/қ бұйрығымен жұмыс тобының құрамы бекітілді: діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы Әбдиев Сапарғали Әкімбекұлы; әкімшілік бөлімінің басшысы Темиргалиева Қаламқас Амангелдіқызы; әкімшілік бөлімінің бас маманы Ерментаева Гүлмира Солдатқызы, сарапшы «ГрИн Азаматтық альянсы» қоғамдық қорының төрағасы - Өтебаева Динара Қацйрбекқызы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүргізілді.
Басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі 2013 жылғы 1 шілдеден 2024 жылғы 12 маусымға дейін, Орталықта 2023 жылғы мамырдан 2024 жылғы 31 мамырға дейін.
Басқарманың негізгі қызметі діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
Орталықтың негізгі қызметі терроризмнің алдын алу, ақпараттық кеңістікте және тұтастай қоғамда терроризм, экстремизм идеологиясының таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру, конфессияаралық келісімді нығайтубойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің қызметін зерделеу және талдау болып табылады.
Талдаудың мақсаты Басқарма мен Орталықтағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оны жою болып табылады.
Талдау міндеті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың Басқарма мен Орталық қызметіндегі салдарын жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін ақпарат көздері болып табылады:
1) таладу объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттар;
2) талду объектісінің қызметі туралы статистикалық есептілік;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алынған таладу объектісінің қызметі туралы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері;
4) талдау объектісіне қатысты бұрын мемлекеттік органдармен өткізілген тексеру нәтижелері;
5) ішкі бақылау қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;
7) бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар;
8) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін талдау объектісінің лауазымды тұлғаларын жауапқа тарту туралы деректер, соның ішінде қылмыстық құқық бұзушылық және басқа да заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсыну туралы мәліметтер;
10) талдау объектісінің жұмыскерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты сот органдарының шешімдері;, қылмыстық істер фабулалары;
11) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген сыртқы талдауының нәтижелері;
12) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бұрын жүргізілген ішкі талдау нәтижелері;
13) қызметшілерге, талдау объектісінің қызметкерлеріне сұрау салу нәтижелері;
14) ұсынуға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер.
Жобалар тізбесі: сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.
1.1. Негізгі функцияларды жүзеге асыру.
Нормативтік база: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі; ҚР рәсімдік-процестік Кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» , «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңдары, сонымен қатар Басқарма мен Орталықтың қызметін реттейтін өзге де заңнамалық актілер.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Қазақстан Республикасының діни қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамасында діни терминдерге қатысты құқықтық алшақтық бар, мысалы «діни қызметкер». «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес, діни қызметші ұғымы – тиісті діни бірлестіктің рухани, уағыздау қызметіне уәкілеттік берген тұлға. Алайда, бұл термин осы лауазымның мағынасын, міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін толық ашпайды. Имамның діни қызметкердің қай санатына жататындығы туралы нақты түсініктеме жоқ, діни бірлестіктің аға діни қызметшісі ме немесе ол діни қауымның мүшесі ме. Сондай-ақ заңда «діни қауым», «рухани сан» ұғымдары жоқ.
Негіздеме
ҚР заңнамасындағы бұл құқықтық олқылық діни бірлестіктердің діндарлары мен мемлекеттік органдардың қызметкерлердің арасындағы түсінбеушілікке, сот дауларына әкеп соғады. ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 36-бабы, 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес ҚР Қарулы күштеріне әскери қызметке шақыруды бас тартуды діндар азаматтар діни ұйымдағы қызметпен байланыстырады. Осыған сүйене отырып, мемлекеттік органдарға әскери қызметке заңсыз шақыру туралы шағымдар түседі.
Бұл олқылықтарды жою бойынша ұсыныстар
Дін істері жөніндегі басқармасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетіне Заңның 1-тарауының 1-бабының 3) тармағында негізгі ұғымдарды дәл айқындау бөлігінде Заңға өзгерістер енгізу туралы өтінішхатпен бірнеше рет хат жолдады. Қазіргі уақытта бұл түзетулер ҚР Парламентінде қаралуда.
Басқармада қабылданған қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау
4 құқықтық актіге қатысты құқықтық мониоринг жүргізілді:
- Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 қыркүйектегі №410 «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы» қаулысы;
- Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысы;
- Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 10 наурыздағы № 111 «Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы;
- Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 наурыздағы № 120 «Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту турадлы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысы .
Мониоринг құқық нормалары мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің кемшіліктерінің жоқтығын анықтады. Ол құқықтық актілер бойынша тоқсан сайын құқықтық мониторинг жүргізіледі және ақпарат Қостанай облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне жіберіледі.
Басқарманың құрылымдық бөлімшелері: әкімшілік бөлім және діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім, Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ: Басқарма туралы ережелерге және Орталықтың Жарғысына , Басқарма басшысының және Орталық директорының бұйрықтарымен бекітілген бөлімдер туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
Өкімдік құжаттар «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №703 қаулысының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына сәйкес шығарылады және ресімделеді.
Ұйымдарда мынадай құжаттар бланкілері қолданылады: Басқарма мен Орталық хатының елтаңбалық түсті фирмалық бланкі, Мемлекеттік стандартқа сәйкес бұйрықтың елтаңбалық түсті бланкі, Қазақстан Республикасының латын қарпіндегі атауымен. Құжаттардың балнкілері қатаң түрде мақсаты бойынша пайдаланылады, олар бойынша журналдар жүргізіледі, қол қойғызып беріледі. Қағаз бланкілері бланктің электрондық нұсқасына сәйкес келеді. Басқармада миссионерлік қызметті жүзеге аыратын тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) үшін бланкілер де пайдаланылады. Барлық бланкілер мемлекеттік сатып алу веб-порталы рқылы баға ұсыныстарын сұрату әдісімен, оның шінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар ұйымдары арасында сатып алынады.
Құқықтық сипаттағы бұйрықтар мен шешімдер Басқарма мен Орталық қызметінің жедел, ұйымдаструшылық, кадрлық, негізгі және басқа да мәселелері бойынша бұйрықтармен ресімделеді. Бұйрықтар орыс тіліне дәлме-дәл аудармасы бар мемлекеттік тілде әзірленеді және қабылданады.
Ережелеге сәйкес пайдаланылған қатаң есептілік бланкілері есепке алынуға және есептіліккке жатады. Бүлінген бланкілер Басқарма және Орталықтың тауар-материалдық құндылықтарды есептен шығару жөніндегі комиссияның шешімі бойынша актімен жойылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
Табылған жоқ.
Негіздеме
Ұсынымдар
Басқарма мен Орталықтың ішкі құжаттарында іс-жүргізуді жүргізу саласындағы заңнаманы тұрақты негізде сақтау.
2.1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету
«Діни қызмет саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдфқ даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына сәйкес Қостанай облысы әкімдігінің дін ісері жөніндегі басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімімен электрондық нысанда 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекіту, сондай-ақ діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс орналасуын келіседі;
миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуі;
ғибадат үйлерінің (ғимараттарының) құрылысы, олардың орналасқан жерін айқындау туралы шешім;
ғимараттарды (құрылыстарды) ғибадат үйлеріне (құрылыстарына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім.
Барлық мемлекеттік қызметтер автоматтандырылған, көрсетілетін қызметті алушылар осы қызметтерді «е-лицензиялау» порталы арқылы ала алады.
Мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлерге шағымдар түскен жоқ. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу жоқ.
2023 жылы 36 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу бойынша 34 және ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу туралы – 2.
2024 жылдың өткен кезеңіне 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді –миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеуді жүргізу.
Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу нәтижесі Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бейнесі бар белгіленген үлгідегі куәліктің түрлі-түсті бланкісін беру болып табылады, куәліктің нөмірі, миссионердің Т.А.Ә. және миссионерлік қызметті жүзеге асыру аумағы, дінге қатыстылығы, қолданылу мерзімі, куәліктің берілген күні, басқарма басшысының қолы және Басқарманың елтаңбалық мөрі.
Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекіту туралы шешім беру нәтижесі болып табылады, сондай-ақ діни іс-шараларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерде өткізу үшін кедергілердің орналасуын келіседі.
Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға рұқсаттың нәтижесі олардың орналасқан жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлеріне (ғимараттарына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) Қостанай облысы әкімдігінің қаулысы болып табылады.
2023 жылы ешқандай қаулы шығарылған жоқ. 2024 жылдың өткен кезеңінде ғибадат үйлерін (құрылыстарын) салуға рұқсат беру туралы әкімдіктің қаулылары жарияланған жоқ.
Орталықта мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру және бақылау функцияларын іске асыру қолданыстағы заңнамамен көзделмеген
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: табылған жоқ
Негіздеме
Жою бойынша ұсынымдар
2.2. Кадрлық саясат
Песроналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы.
2024 жылғы 01 маусымдағы жағдай бойынша Басқарманың штат саны 5 бірлікті құрайды, штаттан тыс қызметкерлер - 4,5 бірлік, бос жұмыс орындары – 0, ауысым – 1. Өткен жылмен салыстырғанда штат саны 5 бірлік, штатан тыс – 4,5 бірлік., бос орындар – 0, ауысым – 1.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 32-бабына сәйкес әлеуетті қызметкерлерді қабылдау кезінде еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттар пакеті, сондай-ақ ҚР ӘҚБК-нің 66-бабына сәйкес ҚР БП ҚСжАЕК-ке «Ақпараттық сервистен» мәліметер ұсынылады.
Орталықтың штат саны: 28 бірлік, нақты саны – 20,5.
Қабылданған қызметкерлер:
2023 жылғы мамыр айынан 2023 жылғы желтоқсан айына дейін – 5 адам (1 –В-3-4, 2-С-2, 2 тех.персонал);
2024 жылғы қаңтар айынан 2024 жылғы мамыр айына дейін – 6 адам (1 –В-24 на 0,5 ставки, А-3, 2 – С-2, 3 тех.персонал).
Жұмыстан шыққан қызметкерлер:
2023 жылғы мамыр айынан 2024 жылғы желтқсан айына дейін – 6 адам(2-С-2 тех. персонал);
2024 ж. қаңтар айынан 2024 жылғы мамыр айына дейін – 5 адам (1 - А-3-2, 4-тех.персонал).
Бос жұмыс орындары – 7,5(3,5 мамандар, 4 тех.персонал).
Жалпыға бірдей декларациялау шеңберңнде барлық қызметкерлер уақытылы кірістер, шығыстар және мүліктер туралы декларациялар тапсырады.
Тәртіатік тәжірибе.
Талданған кезең үшін Басқарма мен Орталық қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданылмады. Еңбек және орындаушылық тәртіп тұрақты бақылауда. Бұқаралық ақпарат құралдарында Басқарма мен Орталық қызметкерлеріне қатысты теріс қпарат орналастырылмаған.
2023 жылы және 2024 жылдың өткен кезеңінде теріс себептермен жұмыстан босату фактілері жоқ. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметкерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) қызметкерлер бұзған жоқ. Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде 2023 жылдың 2-жартыжылдығында және 2024 жылдың өткен кезеңінде басқарманың келесі қызметкерлері оқудан өтті:
Теменов Е.О. (басқарма басшысы), тақырыбы: «Өңірдің орнықты дамуы: саясат және бағдарламалар», Қостанай қ., сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша, Алматы қ.;
Оташев А.Ж. (бас маман) тақырыбы: «Мемлекеттік қызмет көрсетуді бюрократиясыздандыру және сапасын арттыру, Қостанай қ., сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қиыл бойынша, Алматы қ.
Орталықтың келесі қызметкерлері біліктілікті арттырудан өтті:
Букеев Б.С. (Орталық директоры) – «Діни экстремизм және терроризмнің ақпараттық ықпал ету технологиясы»;
Дисюков Д.А. (бөлім басшысы) – тақырыбы: «Діни экстремизм және терроризмнің ақпараттық ықпал ету технологиясы»;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
1) Басқарманың бейінді бөліміндегі шағын штат;
2) Ортадық штатына біліктілігі жоқ мамандарды қабылдау (теологтар, психологтар).
Негіздеме
Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар мен кавазимемлекеттік сектор субъектілерінің штат санының лимиттерін оңтайландырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 28 шілдедегі № 633 Жарлығына, «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері мәмелелері бойынша Қостанай облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 қарашадағы № 517 қаулысына, Басқарма басшысының 2021 жылғы 30 қарашадағы № 26 н/қ бұйрығына сәйкес бейінді бөлімнен (діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім) 1 мемлекеттік әкімшілік қызметші қысқартылды.
Данное обстоятельство предполагает нехватку компетентных сотрудников в профильном отделе и несет риски по профилактике религиозного экстремизма и терроризма.
Жою бойынша ұсынымдар
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Басқарма штатты 1 бірлікке ұлғайтуға бастамашы болды. Бірақ Қостанай облысының әкімдігі Басқарманың бейінді бөліміне штат бірлігін беруден бас тартты.
Мүдделер қақтығысы
Сыбайлас жемқорлық тәуекедеріне талдау жүргізу кезінде, Басқарма мен Орталық басшысына тікелей бағыныстағы жақын туыстарының бос лаузымдарды тұруының қатыстылік фактілері анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:: табылған жоқ.
Негіздеме
Жою бойынша ұсыныстар
Қаржы-шаруашылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Басқарманың ұйымдастырушылық-басқару қызметін әкімшілік бөлімі атқарады.
2024 жылға Басқармаға 225939,0 теңге, соның ішінде Басқарманың қызметін қамтамасыз етуге 2024 жылға 55381,0 мың теңге бөлінді. 2024 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау шеңберңнде 8 983,0 теңге мөлшерінде сома бөлінді.
Конкурс тәсілімен әлеуетті өнім берушілерден «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын аулу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» лотына 3 өтінім, «Деструктивті діни ағымдардың қызметінен зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының қызметін ұйымдастыру» лотына 2 өтінім, «Кәмелетке толмағандар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру» лотына 3 өтінім берілді.
Конкурс нәтижесі бойынша барлық 3 лот ойнатылып, қызмет көрсетушілермен шарттар жасалды. Үнемдеу сомасы 29 000 теңгені құрады.
Мемлекетті сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары) мемлекеттеік сатып алу туралы шарттар жасасу талап етілетін экономикалық классификациясының ерекшеліктері (шығытардың баптары) бойынша жиынтығында тиісті бюджетке (даму жоспарына) немесе жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қатаң көлемде бекітіледі (нақтыланады).
«Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ қызметін қамтамасыз етуге Дін істері жөніндегі басқармасымен 2024 жылға 161 575,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу бойынша іс-шараларды өткізуге 28 612,6 мың теңге бөлінді.
2024 жылдың өткен кезеңінде Орталық 47 207 021 ,91 теңге сомасына 31 шарт жасасты.
Жалпы, 2024 жылғы 24 маусымдағы жағдай бойынша Басқарма жалпы сомасы 13 174 647,8теңгеге 35 шарт жасасты.
Бір көзден тікелей жасасу жолымен жасалған 3 келісім шарт:
- ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы, 3 тармағы, 3 тармақшасына сәйкесоқыту бойынша қызметтер (оқыту/теренингтер/даярлау/қайта даярлау/біліктілікті арттыру), жеткізуші – ҚР Президенті жанындағы АМУ Қостанай филиалы. Осы қызметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан сатып алу;
- ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы, 3 тармағы, 3 тармақшасына сәйкес, «Парус-КАЗ.Бюджет», бағдарламалық өніміне қызмет көрсету бойынша қызметтер (Бюджеттік қаржыландыру), жеткізуші ТОО «Парус-КАЗ». Бұл қызметтер сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ осы жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген тұлғадан жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзету жөніндегі жұмыстарға қатысты айрықша құқықтары бар тұлғаның зияткерлік меншік объектілері болып табылады;
ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39-бабы, 3 тармағы, 36 тармақшасына сәйкес, Арнайы пошта байланысы қызметтері, жеткізуші – «Қазпошта» АҚ филиалы – Республикалқ арнайы байланыс қызметі». Осы қызметтерді Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тұлғадан сатып алу.
Міндеттемелерден жалтарған жеткізушілер анықталған жоқ.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен жасалған шарттар бойынша орындау –қатаң бақылауда.
2.3. Процестерді цифрландыру. Құжат айналымы.
Құжаттаманы есепке алу.
Басқармаға электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) арқылы келіп түсетін құжаттар басшылықтың тіркеуінен, қарауынан және бұрыштама қоюынан өтеді, бұдан әрі орындаушыларға жіберіледі. Орындалған құжаттар тіркеледі, адресатқа жіберіледі және жинақтаушы папкаларға тігіледі. Шығыс хат-хабарлар да ЭҚАБЖ арқылы жіберіледі.
Басқарма мен Орталықта іс-жүргізуді жүйелеу үшін «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ ЭК-мен бекітіген және келісілген істер номенклатурасы әзірленді (21.02.2022 ж. хаттама) Істер номенклатурасына Басқарма және Орталық шығаратын және түсетін құжаттар енгізілген. Істер номенклатурасын жасау кезінде құрылтай құжаттары, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтары басшылыққа алынды.
Талдаумен, сондай-ақ ведомстволық мұрағат туралы және Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатымен келісілген сараптамалық комиссия туралы ережелер қамтылды. Басқарма мен Орталықтың қызметінде қалыптасқан, тарихи, ғылыми, әлеуметтік, экономикалық, саяси немесе мәдени маңызы бар және белгілеген тәртіппен Ұлттық мұрағат қорының құрамына енген құжаттар мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға берілгенге дейін Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады және Қазақстан Республикасының ұлттық игілігі ретінде мемлекетпен қорғалады.
Басқармадағы құжаттарды циифрландыру шеңберінде ай сайын негізгі қызмет бойынша, жеке құрам бойынша құжаттарды цифрландыру жүргізіледі. Деректер тоқсан сайын Қостанай облыс әікмідігіні ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік мұрағаттар басқармасына жіберіледі. Қазіргі уақытта құжаттардың жалпы санының 74,9 % цифрландырылды.
2013-2017 жылдар кезеңіндегі құжаттардың тізімдемесі жүргізіліп, мемлекеттік мұрағатқа тапсырылды. Тұрақты сақтау және сақтау мерзімі 75 жыл құжаттары ведомстволық мұрағатта сақталады, уақытша сақтау құжаттары жою туралы актімен жойылады.
Орталыққа келіп түскен құжаттар бастапқы тіркеуден, басшылықтың қарауынан өтеді және орындаушыларға жіберіледі. Орындалған құжаттар тіркеледі және адресатқа (адресаттарға) жіберіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері: табылған жоқ
Негіздеме
Жою бойынша ұсынымдар
2.4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Басқармаға 2024 жылдың өткен өткен кезеңінде 13 өтініш келіп түсті, 2023 жылдың осындай кезеңіне 29 өтініш келіп түсті. Өтініштердің жартысы мешіт салу, ғиибадат ғимараттарының жұмыс істеуі, діни қауым өкілдерінен діни ілімдердің таралуына шағымдар, діни бірлестік өкілінен қайырымдылық көмек, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне шағымдар, діни мазмұндағы кітаптарға дінтану сараптамасын жүргізу мәселелері сияқты діни саланы қозғайды. Қалған өтініштер қайырымдылық саласына, мемлекеттік сатып алуға, авторлық жарияланымдарға, студент жастардың жұмыспен қамтылуына, жетекшілік ететін саладағы мемлекетті саясаттың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарға қатысты.
2023 жылғы мамыр айынан 2024 жылғы 31 мамырға дейінгі кезеңде Орталыққа 2 өтініш түсті. Бірінші өтініш Үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қмыл санатына қатысты. Екінші өтініш мәдени іс-шараларды өткізуге қатысты.
Барлық өтініштер ҚР Әкімшілік рәсімдік-роцестік кодексі шеңберіңнде қаралады. Өтініштерді қарау, құзыреті бойынша басқа ұымдарға қайта жіберу мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Қадағалау органдарының ұйғарымдары, өтініштерді қарау нәтижелері бойынша азаматтардың шағымдары түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері – табылған жоқ
Негіздеме
Жою бойынша ұсынымдар
2.5. Ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету
Басқарма мен Орталық деструктивті діни ағымдар, эктремизм мен терроризм идеяларын қарсы насихаттауға, сондай-ақ қазақстандық қоғамның құндылықтарын насихаттауға және ҚР Дін саласындағы заңнамасының нормаларын, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта түсіндіруге бағыстталған өз қызметі туралы ақпаратты ЕПИР ГО, Instagram, Facebook, Tik Tok, You Tube, Vkontakte ннтернет-ресурстарында орналастырады. 2024 жылдың басынан бастап 319 материалды 618 орналастыру жүзеге асырылды.
Материалдар (роликтер) жасалған жағдайда Басқарма мен Орталық Діни қызмет туралы заңнаманың талаптарына сәйкес дінтану сараптамасын жүргізеді.
Бос орындардың құрылу фактісі бойынша бос орындар және қызметкерлермен жасалған еңбек шарттары туралы мәліметтер «ENBEK электрондық биржасы» платформасында жарияланады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері - табылған жоқ
Негіздеме
Жою бойынша ұсынымдар
2.6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және қоғамдық мониторинг нәтижелері
Талданатын кезең үшін нормативтік-құқықтық актілердің жобалары шығарылмады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері – не обнаружены.
Негіздеме
Жою бойынша ұсынымдар
2.7. Бақылау және рұқсат беру функцияларын іске асыру
Басқарма қызметіндегі рұқсат беру функциялары бұрын аталған мемлекеттік қызметтерді көрсетумен байланысты. Басқармада бақылау функциялары қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған.
Орталық бақылау және рқсат беру функцияларын іске асыру бойынша өкілеттіктеріне ие емес.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері - табылған жоқ.
Негіздеме
Жою бойынша ұсынымдар
2.8. Сот практикасын талдау
Басқарманың сот практикасын талдау
Талданатын кезеңде сот процестері болған жоқ.
Орталықтың сот практикасын талдау
Талданатын кезеңде сот процестері болған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері - табылған жоқ.
Негіздеме
Жою бойынша ұсынымдар
2.9. Қадағалау органдарын тексеру нәтижелері туралы мәліметтер.
Талданатын кезеңде Басқарма және Орталыққа қатысты қадағалау органдарының тексеруі болған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері - табылған жоқ.
Негіздеме
Жою бойынша ұсынымдар
2.10. Фискалдық органдарды тексеру нәтижелері туралы
Талданатын кезеңде Басқарма және Орталыққа қатысты фискалды органдарды тексеру боған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері - табылған жоқ.
Негіздеме
Жою бойынша ұсынымдар
2.11. Құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың мәліметтері
Құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтардың мәліметтері түскен жоқ.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері - табылған жоқ.
Негіздеме
Жою бойынша ұсынымдар
2.12. БАҚ және ақпараттың басқа көздерін мониторингілеу
Басқарманың мемлекеттік қызметшілері мен Орталық қызметкерлеріне қатысты БАҚ-да негативтік материалдар, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері туралы жарияланымдар шығарылмаған.
Тұрақты негізде облыстың облыстық және өңірлік БАҚ-на, конфессияаралық алауыздықты қоздыратын, эктремизм мен терроризмнің насихаттайтын материалдар иен жарияланымдарға мониторинг жүргізіледі; резонанстық сипаты барлар анықталған жоқ. 2024 жылдың басынан бастап облыстың облыстық және өңірлік БАҚ-да діни салға қатысты 1820 материал орналастырылды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері - табылған жоқ.
Негіздеме
Жою бойынша ұсынымдар
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша «Қостанай облысы дін істері жөніндегі басқармасы» ММ және Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының «діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ 3 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды:
Жалпы ұсынымдар:
1.Жауапты қызметкерлердің мемлекеттік сатып алу, әкімшілік және кадрлық іс жүргізу және қызметтің басқа да бағыттары саласында жүргізілетін жұмыстарда тиісті бағыттар бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын мүлтіксіз сақтауы.
2.Басқарма және Орталық қызметкерлерінің тұрақты негізде біліктілік деңгейін арттыру.
3.Басқарма және Орталық штатына тек білікті кадрларды қабылдау.
Басқарма басшысы Е. Теменов
Басқарманың діни бірлестіктермен жұмыс
жөніндегі бөлім басшысы С. Абдиев
Басқарманың әкімшілік бөлімінің
Басшысы К.Темиргалиева
Әкімшілік бөлімінің
бас маманы Г. Ерментаева
Сарапшы, «Гражданский альянс «ГрИн»
қоғамдық қорының
төрағасы Д. Утебаева