ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңына сәйкес шетелдік азаматтарды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға шақырмас бұрын, миссионер өкілдiк ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендігін куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжаты, сонымен қатар қажеттілігіне қарай азаматтарды елімізде тіркелген діни бірлестіктердің арнайы шақыруы болу шарттары көрсетілгендігін мәлімдейміз.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 1-тармағына сәйкес, құдайға құлшылық ету, діни әдет-ғұрыптар мен рәсімдер үшін қажетті, сондай-ақ діни нышанның элементтері бар заттар, бұйымдар мен атрибуттар, дiни мақсаттағы заттар болып табылады.
Осыған орай Заңның 6-бабына сәйкес, бұл заттар дінтану сараптамасының объектілеріне жататындықтан оларға дінтану сараптамасы жүргізіледі. Дінтану сараптамасының нәтижесі бойынша заттың діни қатыстылығын анықтайтын хат дайындалады.
|
Еліміздің заңнамасына сәйкес («Білім туралы» Заңның 47 және 49-баптары) оқушылардың міндетті мектеп формасын сақтауын, ал осы міндетті орындау ата-аналарға жүктелген. Сондай-ақ, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары азаматтарға олардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерін айқындай отырып, тиісті құқықтар береді. Сонымен бірге, бұл норма дінге деген көзқарасқа байланысты қандай да бір кемсітушілікке ұшыратпайтынын атап өту қажет. Жоғарыда айтылғандардың негізінде ата-аналарды ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасын сақтауға шақырамыз. |
«Ехоба куәгерлері» діни бірлестігі Қазақстан Республикасының Әділет органдарында ресми тіркелген және өз қызметін елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Бірлестіктің діни қызметіне қатысу ерікті негізде құрылады. Қоғамның әр мүшесі одан шығуға құқылы.
Діни бірлестіктің басшылығы тарапынан мәжбүрлеу шаралары көрсетілген жағдайда, қауымның әрбір мүшесі бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін құқық қорғау органдарына, сондай-ақ заңдарда белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Ресей Федерациясындағы Иегова куәгерлерінің айналасындағы жағдайға қатысты Ресей Федерациясының сот органдарының шешімдері оларға Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салуға негіз болып табылмайды.