Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезін дамытудың
2023-2033 жылдарға арналған Тұжырымдамасының жобасы (бұдан әрі
– Тұжырымдама) Астана қаласында 2022 жылғы 15 қыркүйекте
қабылданған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің
Декларациясының 31-тармағына сәйкес әзірленді.
Тұжырымдама Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің
одан әрі дамуының 2033 жылға дейінгі жалпы пайымын, миссиясын,
мақсаттары мен бағыттарын айқындайды.