Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім туралы ЕРЕЖЕ

                                                                                                              «Бекітемін»

Қостанай облысы әкімдігінің

дін істері жөніндегі  басқармасы ММ басшысы

                                                                  _________ Е. Теменов

                                                                  «___» ____________ 2023 жыл

 

 

 

Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы

діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімі Қостанай облысы аумағында дін саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Діни бірлестіктермен жұмыс бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің келісімі бойынша Басқарманың бірінші басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады

 

  1. Мақсаттары, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Мақсаттары:

Қостанай облысы аумағында Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру;

Мәдениеттер мен діндер диалогының жаңа нысандарын іздеу жолымен конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты одан әрі нығайту;

дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жергілікті деңгейде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

діни бірлестіктермен қатынастарды реттеу саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

облыс және Қазақстан Республикасы аумағында дін саласында мемлекеттік саясатты ілгерілетуге бағытталған республикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

Қостанай облысы аумағында конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

ақпараттық деректер базасын қалыптастыру, жинақтау, қорыту және жіктеу бойынша қызметін жүзеге асыру (компьютерлік, мәтіндік);

діни, этно-мәдени және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

қала және аудан әкімдіктерімен, «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ, халықтың діни сауаттылығын арттыру бойынша дін саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл;

ІІД, ҰҚКД, ҚАЖД, облыс әкімдігі жанындағы ТҚК, прокуратурамен діни сала мәселелері бойынша өзара іс - қимылды жүзеге асыру.

  1. Функциялары:

өңірдегі діни ахуалды зерттеу және талдау;

өңірде жұмыс істейтін діни бірлестіктердің, миссионерлердің, діни (діни) білім беру ұйымдарының қызметін зерделеу және талдау;

діни бірлестіктердің уағыздарына, құдайға құлшылық етуге баруына мониторинг жүргізу;

діни бірлестіктер мен филиалдар, басшылар, ғибадат объектілері туралы ақпараттық деректер банкіне тұрақты есеп жүргізу, толықтыру және өзгерістер енгізу

уәкілетті органға Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізеді;

Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келіседі;

миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді жүргізеді;

діни бірлестіктерді құруға бастамашы-азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 453, 490-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасайды;

  1. Құқықтары және міндеттері:

мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға құқығы бар. Мемлекеттік органдардың қызметкерлерін «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысуға тарту;

дін саласындағы мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде әкімге ұсыныстар енгізу, «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарауына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалық және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру;

«Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін дін саласындағы мәселелер, адам құқықтарын сақтау және өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қоғамдық келісім комитетінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.

        

 

 

Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім туралы ЕРЕЖЕ
Дата публикации
05 октября 2023