«Бекітемін»
«Қостанай облысы
әкімдігінің дін істері
жөніндегі басқармасы» ММ басшысы
_________ Е. Теменов
«___» ____________ 2023 жыл
Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы
әкімшілік бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
бөлімнің құзыретіне қатысты мемлекеттік құжаттарды, бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асыру;
Басқарма мүддесін заңдық қорғау;
Басқарманың бухгалтерлік, басқарушылық, салықтық және қаржылық есебін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру;
қаржыландырудың желілік кестесін орындау;
бюджет қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру және қаржыландыру жоспарларының орындалуын бақылау;
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
«Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның сақталуына және іске асырылуына мониторинг жүргізу, бақылау жасау;
мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті жасау және ұсыну;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;
дін саласындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшісі;
өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
басқарма, бөлім қызметінің мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің, нұсқаулықтардың, ережелердің, ережелердің жобаларын, азаматтық-құқықтық шарттардың жобаларын, еңбек шарттарын және т. б. әзірлеу;
Басқарма шығаратын қаулылардың, бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің, шарттардың, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық құжаттаманың және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің құқықтық сараптамасын жүзеге асыру;
сотта, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда құқықтық мәселелерді қарау кезінде басқарманың мүдделерін білдіру;
басқарма қызметкерлері арасында құқықтық жалпы оқытуды өткізу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың Үлгілік қағидаларына сәйкес іс жүргізу;
«е-архив» электрондық ведомстволық архивті іс-жүргізу;
жеке және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері бойынша іс жүргізу;
«е-өтініш» өтініштерді бойынша электрондық құжатайналымы іс жүргізу;
ҚСжАЕКБ-ға өтініштер бойынша есептілік;
әскери есепті жүргізу;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
«е-қызмет» персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесін жүргізу;
мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
Мемлекеттік орган кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде белгіленген мерзімдерге сәйкес D-O-3, D-O-4 санатындағы мемлекеттік қызметшілерді тағылымдамадан өткізуді, даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету;
мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау, оқыту рәсімдерін, оның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйеде) сақтауды қамтамасыз ету;
мемлекеттік органда корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту.
мемлекеттік органда еңбек заңнамасының және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтайды, өзіне заңнамамен белгіленген шектеулер қабылдайды.
Әкімшілік бөлім:
1) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен өзіне Заңмен және осы ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратады және алады;
2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасайды.
мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат сұрату;
мемлекеттік органның қызметкерлерін бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысуға тарту;
мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде әкімге ұсыныстар енгізу, бөлімнің қарауына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.