2023 жылдың шілдесінде 2 өтініш түсті.
1 өтініш қаралды, қаралмаған өтініштердің қалдығы жоқ.
Келіп түскен өтініштер келесі мәселелерге қатысты болды:
- ғибадат ғимаратында діни әдебиеттің таралуы туралы түсініктеме беру туралы;
- мешіттің ғибадат үйін (ғимаратын) салуға рұқсат беру туралы (бұл өтініш мемлекеттік қызметтерге жататындықтан кері қайтарып алынды).
Әкімшілік акті бойынша 1 тыңдау рәсімі өткізілді, ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес негізделген жауап берілді. Тыңдау хаттамасына ескертулер түскен жоқ.
ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес негізделген жауап берілді. Өтініштерді қарау мерзімін бұзушылықтар жоқ. Қаралған өтініштер бойынша шағымдар түскен жоқ.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тапсыруды қажет деп санаймын:
жауапты мамандар азаматтардың өтініштерінде белгіленген мәселелерді мұқият зерделеп, заңнама шеңберінде оларды шешу жөнінде түбегейлі шаралар қабылдасын, қажет болған жағдайда сындарлы ұсыныстар енгізсін;
басқарма бөлімдерінің жетекшілік ететін басшылары белгіленген өтініштерді түпкілікті шешілгенге дейін бақылауда ұстауға міндетті;
өтініштерді тіркеу жөніндегі жауапты мамандар өтініштер күні өтініштерді, сондай-ақ жоғары тұрған және төмен тұрған органдардан қайта жіберілген өтініштерді тіркеу мерзімдерін мүлтіксіз сақтауға міндетті;
өтініштерді қарау кезінде бюрократия мен сөзбұйдаға жол бермеу.
Ақпарат тәртібімен және шешім қабылдау үшін енгізіледі.