2023 жылғы қаңтарда түрлері бойынша 4 өтініш түсті: барлық өтініштер.
Барлық өтініштердің тәуекел деңгейі төмен. 1 өтініш Қостанай облысы әкімінің аппаратынан қайта жіберілді.
Өтініштер оңайлатылған тәртіппен, тыңдау өткізілмей қаралды, өйткені өтініш берушілер алдын ала шешімдер бойынша өз ұстанымдарын ұсынбады.
Қаралудағы өтініштер – 2, мерзімі өткен өтініштер - 0.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тапсыруды қажет деп санаймын:
жауапты мамандар азаматтардың өтініштерінде көрсетілген мәселелерді мұқият зерделеп, оларды заңнама шеңберінде шешу жөнінде түбегейлі шаралар қабылдасын, қажет болған жағдайда сындарлы ұсыныстар енгізсін;
Басқарма бөлімдерінің жетекшілік ететін басшылары белгіленген өтініштерді түпкілікті шешілгенге дейін бақылауда ұстауға міндетті;
өтініштерді тіркеу жөніндегі жауапты мамандар өтініштер күні өтініштерді, сондай-ақ жоғары тұрған және төмен тұрған органдардан қайта жіберілген өтініштерді тіркеу мерзімдерін мүлтіксіз сақтауға міндетті;
өтініштерді қарау кезінде бюрократия мен сөзбұйдаға жол бермеу.
Ақпарат тәртібімен және шешім қабылдау үшін енгізіледі.