2023 жылғы мамырда 3 өтініш түсті, оның ішінде: 1 сұраныс, 1 өтініш, 1 хабарлама.
Барлық өтініштер қаралып, тиісті жауаптар берілді. Өтініштерді қарау мерзімін бұзушылықтар жоқ. Қаралған өтініштер бойынша шағымдар түскен жоқ.
Қаралмаған өтініштердің қалғаны - 0.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тапсыруды қажет деп санаймын:
жауапты мамандар азаматтардың өтініштерінде көрсетілген мәселелерді мұқият зерделеп, оларды заңнама шеңберінде шешу жөнінде түбегейлі шаралар қабылдасын, қажет болған жағдайда сындарлы ұсыныстар енгізсін;
Басқарма бөлімдерінің жетекшілік ететін басшылары белгіленген өтініштерді түпкілікті шешілгенге дейін бақылауда ұстауға міндетті;
өтініштерді тіркеу жөніндегі жауапты мамандар өтініштер күні өтініштерді, сондай-ақ жоғары тұрған және төмен тұрған органдардан қайта жіберілген өтініштерді тіркеу мерзімдерін мүлтіксіз сақтауға міндетті;
өтініштерді қарау кезінде бюрократия мен сөзбұйдаға жол бермеу.
Ақпарат тәртібімен және шешім қабылдау үшін енгізіледі.