2023-2025 жылдарға арналған «Облыстың дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Бюджеттік бағдарламасы 269

Басшы бұйрығына қосымша

___________________ Қостанай облысы

әкімдігі

«__»________________________2022 жыл

№_________

 

«Келісілді»

Жоғары тұрған бюджеттің

нысаналы трансферттерді бөлетін бюджеттік

бағдарламаның басшысы

_____________________________________

 

(қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

«___»_____________ 2022 жыл

мөр орны

 

 

2023-2025 жылдарға арналған

«Облыстың дін істері жөніндегі басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің

Бюджеттік бағдарламасы 269

Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы: 001 «Жергілікті деңгейде діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

Бюджеттік бағдарламаның басшысы: басқарма басшысы Үмбетов Жанболат Жұмабайұлы

Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV Заңы

«Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 195 бұйрығы

Қостанай облысы әкімдігінің «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін белгілеу туралы» 27.12.2005 ж. әкімдік қаулысына өзгеріс енгізу туралы 20.12.2021 ж. №585 қаулысы.

Бюджеттік бағдарламаның түрі:

Облыстық

Мемлекеттік басқарма деңгейіне байланысты  

Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: конфессияаралық толеранттылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу функцияларын өзіне жүктелген барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы аппаратының қызметін қамтамасыз ету

Бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

  1. Конфессиялар арасындағы толеранттылық пен өзара сыйластықты нығайту
  2. Діни қызмет саласындағы сараптамалық қоғамдастықтың қатысуын кеңейту
  3. Дін саласындағы жағымсыз көріністерді анықтау және алдын алу
  4. Дін өкілдерінің діни сауаттылығын арттыру

Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы аппаратының қызметін қамтамасыз ету. 5 бірлік мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын жұмыскерлерді ұстау.

2023-2025 жылдарға арналған «Облыстың дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Бюджеттік бағдарламасы 269
Дата публикации
23 декабря 2022