2022 жылғы қаңтар мен 14 маусым аралығындағы кезеңде
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бойынша
аналитикалық анықтама
Қостанай қаласы 14 маусым 2022 ж.
«Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» ММ (бұдан әрі-Басқарма) 2022 жылғы 02 наурыздағы № 06 н/қ бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жоспар-кестесі негізінде Басқарма сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі - талдау) объектісі басқарманың 2 бөлімі мен 1 ведомстволық бағынысты ұйымның қызметі болып табылады:
Ішкі талдау жүргізу мақсатында басқарма басшысының бұйрығымен жауапты қызметкер - әкімшілік бөлімінің бас маманы Ерментаева Гульмира Солдатовна тағайындалды.
Басқарманың негізгі қызметі діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
Орталықтың негізгі қызметі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің конфессияаралық келісімді нығайту бойынша тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының аумағында құрылған діни бірлестіктердің қызметін зерделеу және талдау, экстремизмнің алдын алу, ақпараттық кеңістікте және жалпы қоғамда экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру болып табылады.
Талдау 2022 жылғы қаңтардан 2022 жылғы 14 маусымға дейінгі кезеңді қамтиды.
Орталықтың қызметіне талдау жүргізу кезеңі 2022 жылғы сәуір-мамыр, Басқарма 2022 жылғы маусым.