Қостанай облысы әкімдігінің
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 596 қаулысымен
бекітілген
«Қостанай облысы әкімдігінің дін істері
жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Басқармаға заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) Қостанай облысының аумағында дін саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыру;
2) мәдениет пен дін диалогының жаңа нысандарын іздеу жолымен конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту;
3) діни, этно-мәдени және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
1) құқықтары:
мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұратуға. Мемлекеттік органдардың қызметкерлерін Басқарма құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысуға тарту;
мемлекеттік органның дін саласындағы қызметін ұйымдастыруын жетілдіру жөнінен облыс әкіміне ұсыныстар енгізу, Басқарманың қарауына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге де материалдарды дайындауды жүзеге асыру;
Басқарманың құзыретіне кіретін дін саласының мәселелері, адам құқығын сақтау және өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарын жүзеге асыру;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.
1) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) өңірде жұмыс істейтін дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзедi;
3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзедi;
4) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізеді;
5) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
6) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
7) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастыруын бекітеді;
9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы болған азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етедi;
10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;
11) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 453, 490-баптарында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтырады;
12) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіпте мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың қалыптасуын және іске асырылуын жүзеге асырады;
13) дін саласындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларын жүзеге асырады;
14) өз құзіреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
15) ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдайды;
16) жалпы профилактикалық және оңалту жұмыстарын, интернет-кеңістікте діни экстремизмге қарсы насихатты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;
17) дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жергілікті деңгейде ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;
18) жергілікті мемлекеттік органдардың діни бірлестіктермен қарым-қатынастарын реттеу саласындағы қызметін үйлестіру;
19) өңірдегі діни ахуалға, облыс аумағында құрылған діни бірлестіктердің, олардың филиалдарының және миссионерлердің қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;
20) облыс және Қазақстан Республикасының аумағында дін саласындағы мемлекеттік саясатты ілгері жылжытуға бағытталған республикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
21) Қостанай облысының аумағында конфессияаралық келісім мен төзімділікті нығайту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
22) ақпараттық деректер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау, қорытындылау және жіктеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру;
23) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) осы Ереженің қосымшасында көрсетілген Басқарма қызметкерлерін, ведомстволық бағынысты ұйым басшысын және оның орынбасарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Басқарма құрылымын, құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Басқарма атынан әрекет етеді;
5) бірінші қол қою құқығына ие;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шара қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
7) Басқарма қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады және нұқсаулар береді;
8) осы Ереженің қосымшасында көрсетілген Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйым басшысына және оның орынбасарына көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату