2022 жылғы 10 наурыз 111
Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596 «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақтың:
8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ діни бірлестіктер берген ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаларды қарайды;»;
16) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«16) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шеңберінде жалпы профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;».
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген өзгерістер жөнінде әділет органдарын хабардар етуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов