Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 596
«Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақтың:
8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекітеді, сондай-ақ діни бірлестіктер берген ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарламаларды қарайды;»;
16) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«16) діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шеңберінде жалпы профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асырады;».
Облыс әкімі А. Мұхамбетов