Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығына сәйкес Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекітілді.
Басқармамен 2019 жылы 29 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты бас тартулар немесе шағымдар тіркелмеген.
Тіркелген діни ұйымдарының басшыларымен кездесу барысында дін саласындағы стандарттары мен регламенттері түсіндіріледі.
Бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының шеңберінде облыс әкімінің аппаратына ай сайын бекітілген нысанға сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы есептік ақпарат жіберіліп тұрады, тұрақты негізде дін саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингі жүргізіледі.