Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы №18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асырылуын бақылау және нәтижелерін бағалау қағидаларының 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен қоғамдық талқылау үшін 2021 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыптары туралы ақпаратты орналастырады. Мемлекеттік органның интернет-ресурсында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын қоғамдық талқылау мерзімі орналастырылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кем болмайтынын еске саламыз. Ескертулер мен (немесе) ұсыныстарды a.kaiyrzhanova@kostanay.gov.kz электронды мекенжайына жіберуді сұраймыз.
2021 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыптары туралы ақпарат
|
№ |
Жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тақырыбы |
Жоспарланған қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Нысаналы халық тобы |
Күтілетін нәтиже |
|
1 |
Репродуктивті денсаулық жөніндегі іс-шаралар өткізу |
1 925 800 теңге |
ҚР тұрғындарын әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы |
15-49 жас |
Репродуктивті проблемаларды алдын-алу және басқару арқылы репродуктивті денсаулықты қолдау және отбасының немесе жеке адамның әл-ауқатын арттыру |
2021 жылғы «20» қаңтардағы жағдай бойынша