Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық ұйымдарының қызметін үйлестіру бөлімі туралы ережесі
Жалпы ережелер
- Емдеу-профилактикалық ұйымдардың қызметін үйлестіру бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей басшының орынбасарына (лауазым индексі № 01-0-2) бағынады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені, басшының және басшы орынбасарының бұйрықтарын, жазбаша және ауызша нұсқауларын басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын, штат санын Денсаулық сақтау басқармасының басшысы бекітеді.