«Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» мәслихаттың 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 шешіміне және қосымшасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жоба

 

«Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» мәслихаттың 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 шешіміне және қосымшасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 Қостанай облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы «Қостанай облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға, облыстық бюджет қаражаты есебінен жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» №543 шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiнде № 9499 болып тіркелді) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
  2. көрсетілген шешімнің 2-ші тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «2. Жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері айқындалсын:

         Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне 7 000 000 (жеті миллион) теңге мөлшерінде, Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарына жұмысқа жіберілгендерді қоспағанда;

         Қостанай облысының Амангелді және Жангелдин аудандарына 8 500 000 (сегіз миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

         Қостанай облысының аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына 5 000 000 (бес миллион) теңге мөлшерінде, Қостанай облысының Арқалық қаласына, Қостанай облысының Жітіқара ауданына және Қостанай ауданына жұмысқа жіберілгендерді қоспағанда;

         Қостанай облысының Арқалық қаласына, Қостанай облысының Жітіқара ауданына және Қостанай ауданына 7 000 000 (жеті миллион) теңге мөлшерінде.»;

  1. Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы «Қостанай облысының ауылдық жерлеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға, облыстық бюджет қаражаты есебінен жұмыс істеуге жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» №543 шешімінің қосымшасына (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiнде № 9499 болып тіркелді) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

         1) қосымшаның 2-ші тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

 «2. Әлеуметтік қолдау Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына басқа өңірлерден келген және жұмысқа уәкілетті орган жіберген және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарымен (бұдан әрі – жұмыс беруші) еңбек шартын жасасқан, жоғары медициналық білімі, тиісті маман сертификаты бар медицина және фармацевтика қызметкерлеріне төленеді.

         Әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидалар шеңберінде бұрын алынған ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған және (немесе) осы Қағидаларға сәйкес әлеуметтік қолдауды төлеу үшін көзделген еңбек шартында белгіленген мерзім өткенге дейін еңбек қатынастары тоқтатылған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қолданылмайды.».

         2) қосымшаның 5-ші тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «5. Әлеуметтік қолдау Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жіберілген қызметкерлерге бір жолғы көмек болып табылады және еңбек шартын жасасқаннан кейін қызметкердің жеке шотына аудару жолымен төленеді.».

         3) қосымшаның 6-шы тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «6. Қызметкермен еңбек шарты осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мерзім өткенге дейін тоқтатылған жағдайда, ұсынылған әлеуметтік қолдау Қостанай облысының аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда еңбек шартында көрсетілген жұмыс істемеген уақыт үшін ерікті және (немесе) сот тәртібімен қайтарылады.

         Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкерлерді Қостанай облысының аумағында орналасқан медициналық ұйымдар арасында 5 жыл мерзім ішінде міндетті түрде өтеу кезеңінде ауыстыру осы Қағидаларға сәйкес берілген әлеуметтік қолдау сомаларын тоқтату немесе қайтару үшін негіз болып табылмайды.».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

шешіміне және қосымшасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
02 февраля 2026