2025 жылдың 9 айы бойынша денсаулық сақтау саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат.

 2025 жылдың 9 айы бойынша денсаулық сақтау саласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат.

 

Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес облыстың медициналық ұйымдары 18 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

 2025 жылдың 9 айы ішінде Қостанай облысының медициналық ұйымдары денсаулық сақтау саласында 5 820 198 (2024 ж. 9ай -5 897 026) мемлекеттік қызмет, оның ішінде 5 767 735 (2024 ж. 9 ай – 5 847 172) электрондық түрдегі мемлекеттік қызметтер немесе 99,1 % (2024 ж. 9 ай – 99,1) (белгіленген жоспар бойынша 98%) көрсетті.

Анықтама:

  1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу - 99 949 (2024 ж. 9 ай – 43 119 )
  2. Дәрігерге жазылу - 4 182 214 (2024 ж. 9 ай– 4 601 200)
  3. Дәрігерді үйге шақыру – 331 289 (2024 ж. 9 ай – 110 698 )
  4. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру – 96 382 (2024 ж. 9ай– 97 834 )
  5. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру – 128 919 (2024 ж. 9 ай – 142 697)
  6. Еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру – 123 201 (2024 ж. 9 ай – 115 596)
  7. Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді-көшірме беру - 87 939 (2024 ж. 9 ай– 89 854)
  8. Транспланттау мақсатында тірі кезінде бас тартуды немесе қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа (органның бір бөлігіне) және (немесе) тіндерге (тіннің бір бөлігіне) келісімді тіркеу – 736. (2024 ж. 9 ай – 1 496)
  9. Жедел медициналық көмекке шақыру - 234 448 (2024 ж. 9 ай- 252 553)
  10. Пациенттерге стационарға жатқызуға жолдама беру - 53 270 (2024 ж. 9 ай – 43 259)
  11. Азаматтардың жекелеген санаттарына дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру - 429 388 (2024 ж. 9 ай - 348 866)
  12. Денсаулық сақтау саласының кадрларын даярлаудан, біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы құжаттарды беру - 167 (2024 ж. 9 ай– 220)
  13. 13. Егов арқылы психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру

14.Егов арқылы наркологиялық ұйымнан анықтама беру

  1. Егов арқылы туберкулез ұйымынан анықтама беру
  2. Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту - 37 544 (2024 ж. 9 ай – 38 724)
  3. Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру - 9 490 (2024 ж. 9 ай – 7 133)
  4. Санаторий-курорттық емделуге қажеттілік туралы қорытынды беру - 5 261 (2024 ж. 9 ай – 3 775).

 

Басқарма 2025 жылы Денсаулық сақтау басқармасының 2020 жылғы 18 желтоқсандағы "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылға арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталуына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі бақылау іс-шараларының жоспарын бекіту туралы"  № 464 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізуді жоспарлаған 5 медициналық ұйым:

  1. «Қостанай қаласының № 2 емханасы» КМК
  2. «Жітіқара аудандық ауруханасы» КМК
  3. «Денисов аудандық ауруханасы» КМК
  4. «Б.Майлин ауданының аудандық ауруханасы» КМК
  5. «Рудный қалалық емханасы» КМК

9 айда 4 медициналық ұйымға немесе 80% ішкі бақылау жүргізілді.

Дата публикации
15 октября 2025