2025-2027 жылдарға арналған "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА

                                                                                                БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА
                                         253 "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
                                                                             бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң коды және атауы
                                                                                                  2025-2027 жылдарға арналған
             
Бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы  057 "Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету"   
Бюджеттiк бағдарламаның жетекшісі Доспанов Е.С. Басқарма басшысының орынбасары
Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:  Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 07 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 13-бабы 8-тармақшасы; «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан әрі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығының 4.3.4-тармағы; Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №112 қаулысымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 15-тармағының 8-тармақшасы; 04.12.2008 жылғы №95-IV ҚР Бюджет кодексінің 32-бабы 2-тармағы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 253 "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін кадрларды даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021 – 2022, 2022 – 2023, 2023 – 2024 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" қаулысы; "Қостанай облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы" Қостанай облысы мәслихатының  2024 жылғы 17 желтоқсандағы №185 шешіміне 1,2,3-қосымша; "Қостанай облысы мәслихатының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №185 "Қостанай облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №510 қаулысына 1,2,3-қосымша; "Қостанай облысы мәслихатының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №185 "Қостанай облысының 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы" шешімін іске асыру туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы №510 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 18 шілдедегі №201 қаулысы 1,2,3-қосымша.
Бюджеттiк бағдарламаның түрі:
Облыстық                                                                 
мемлекеттік басқару деңгейіне қарай
Мемлекет міндеттемелерін орындау
мазмұнына қарай
жеке                         
іске асырылу тәсіліне қарай
ағымдағы            
ағымдағы/даму
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Облыс халқының денсаулығын жақсарту, басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру, саланы қоғамның қажеттіліктеріне жауап беретін білікті кадрлармен қамтамасыз ету.
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:
10 000 халыққа шаққанда дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету - 2025 жыл - 22,4%; 2026 жыл - 22,5%; 2027 жыл-22,6%.
Бюджеттік  бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жоғары білімі бар медицина қызметкерлерін даярлау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар, барлығы
Бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар Өлшем бірлігі Есепті жыл Ағымдағы жылдың жоспары Жоспарлы кезең
2023 2024 2025 2026 2027
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен мың теңге 0,0 0,0 0,0 0,0 0,0
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мың теңге 133 570,2 341 761,6 497 999,0 0,0 0,0
Бюджеттік  бағдарлама бойынша шығыстар жиыны мың теңге 133 570,2 341 761,6 497 999,0 0,0 0,0
Бюджеттік кіші бағдарламаның коды мен атауы: 015 "Жергілікті бюджет қаражаты есебінен"
Бюджеттік кіші бағдарламаның түрі: 
мазмұнына қарай: Мемлекет міндеттемелерін орындау
ағымдағы/даму: ағымдағы
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Жоғары медициналық оқу орындарында оқитын студенттер мен резиденттерге стипендия төлеуге және оқытуды өтеуге арналған шығыстар көзделген.
Тікелей нәтиже көрсеткіштері Өлшем бірлігі Есепті жыл Ағымдағы жылдың жоспары Жоспарлы кезең
2023 2024 2025 2026 2027
Студенттерді қабылдау адам 99 50 89 0 0
Тұрғындардың үздіксіз білім алуы адам 0 137 136 0 0
Дата публикации
01 августа 2025