БЕКІТІЛГЕН
Қостанай қаласы әкімдігі
Денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы 26 мамырдағы
№ 70-л/с бұйрығымен
Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасыныңдәрілік саясат және дәрілік қамтамасыз етуді үйлестіру бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Дәрілік саясат және дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етуді үйлестіру бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей басшының орынбасарына бағынады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, «Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені, басшының және басшы орынбасарының бұйрықтарын, жазбаша және ауызша нұсқауларын басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын, штат санын Денсаулық сақтау басқармасының басшысы бекітеді.