Ауылдық аумақтарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және дамыту бөлімі туралы ереже

БЕКІТІЛГЕН

Қостанай қаласы әкімдігі

Денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы 26 мамырдағы

№ 70-л/с бұйрығымен

 

 

Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының ауылдық аумақтарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және дамыту бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 Жалпы ережелер

  1. 1. Ауылдық аумақтарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және дамыту бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Денсаулық сақтау басқармасы) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және тікелей басшының орынбасарына (лауазым индексі № 01-0-4) бағынады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, «Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені, басшының және басшы орынбасарының бұйрықтарын, жазбаша және ауызша нұсқауларын басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Денсаулық сақтау басқармасының басшысы бекітеді.
Ереже
Дата публикации
14 июля 2025