БЕКІТІЛГЕН
Қостанай қаласы әкімдігі
Денсаулық сақтау басқармасының 2025 жылғы 26 мамырдағы
№ 70-л/с бұйрығымен
Қостанай облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының
экономика және қаржы бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
2.Бөлімнің негізгі тапсырмалары,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
Қостанай облысының Денсаулық сақтау бойынша бюджет жобасын қалыптастыру;
Мемлекеттік тапсырыстың және мекемелердің мазмұнында орындалуын талдау;
Еңбек және жалақы, денсаулық сақтау жүйесіндегі қаржыландыру мәселелері бойынша заңнамалық актілердің өзгерістеріне мониторинг жүргізу және оларды ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындарға түсіндіру;
Облыстың мемлекеттік емдеу-профилактикалық ұйымдарының есебін және есептілігін ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
Облыстың мемлекеттік емдеу-профилактикалық ұйымдарын уақтылы және дұрыс қаржыландыруды ұйымдастыру.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету;
Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Басқармаға ведомстволық бағынысты денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Фармацевтикалық қызметтерді сатып алуға қатысу;
Медициналық бұйымдарды, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына ағымдағы жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруға қатысу;
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз ету;
Гигиеналық оқытуды ұйымдастыруға, саламатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттауға және қалыптастыруға қатысу;
Әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы халықты ақпараттандыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысу;
Тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді әзірлеу және бекіту;
Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша статистикалық әдіснаманың талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауларды жүзеге асыру;
Денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша, сондай-ақ Бөлімнің құзыреті шеңберінде денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті дайындауға қатысу;
Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлеуге қатысу;
«Ашық бюджеттер» порталында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;
Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтардың, жоспарлы және жоспардан тыс бақылау ақпараттарының, есептердің, хаттардың жобаларын дайындау;
Қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бойынша ақпарат дайындау;
Есептілікті уақтылы ұсыну;
Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Денсаулық сақтау басқармасының атынан заңда белгіленген тәртіппен өкілдік ету;
Басқарма басшылығының олардың қызметіне қатысты шешімдерінің жобаларымен танысу;
Жұмыстың тиімділігі мен сапасын арттыру үшін Басқарманың тиісті мәселелер бойынша қызметін жақсарту, еңбек жағдайларын жақсарту және бөлімді материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша басшылықтың қарауына ұсыныстар енгізу;
Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;
Өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қою және бұрыштама қою;
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құжаттардың жобаларын (бұйрықтар және басқа құжаттар) дайындау;
Басқарманың жұмысы үшін құрылатын тұрақты (уақытша) комиссиялардың мүшелері болу;
Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер мен семинарлар өткізу;
Жұмыс берушінің қаражаты есебінен біліктілікті арттыру;
Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды алу;
Ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерінен Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату;
Бөлімнің құзыретіне кіретін жедел мәселелерді шешу үшін бөгде мекемелермен және ұйымдармен өзара қарым-қатынасқа түсу;
Облыстың ұйымдарында, мекемелерінде, сондай-ақ орталық уәкілетті органдарда түсіндірме және консультациялық көмек алуға жүгіну;
Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Денсаулық сақтау басқармасының және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне, құрылымдық бөлімшелеріне түсініктемелер, ұсыныстар беру;
Облыстың ведомстволық бағынысты мекемелері мен кәсіпорындарына практикалық және әдіснамалық көмек көрсету;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Бөлім құрамына кіретін Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.