|
№ р/с |
Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі |
Ақпарат |
|
1 |
Мемлекеттік органның атауы-әзірлеуші |
«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (ММ) |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Үкімет Аппаратының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелеріне сілтеме жасай отырып, нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдауға арналған негіздемелер |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы
|
|
3 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржылық шығындардың қажеттілігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда - республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі) |
Облыстық бюджеттен ең төменгі жалақының жүз еселенген мөлшерінде ауылдық жерге кемінде бес жыл мерзімге келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне біржолғы ақшалай төлемді қамтамасыз ету |
|
4 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасының ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері |
Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсер етпейді |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Қостанай облысындағы пациенттердің өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық жерлерде кадр тапшылығы проблемаларын шешу |
|
6 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілер және оларды іске асыру нәтижелері туралы мәліметтер |
Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 8 қаңтардағы № 2 «Қостанай облысының ауылдық елді мекендеріндегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы» қаулысы |
|
7 |
Заңнаманы нормативтік құқықтық актінің енгізілетін жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттіліктің болмауы |
Қажеттілік жоқ |
|
8 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны) |
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының интернет-ресурсында |
|
9 |
Уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат |
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының интернет-ресурсында |
|
10 |
Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Қозғамайды |
|
11 |
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысу нәтижелері |
Жбаны қолданысқа енгізуге байланысты жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайтуды және (немесе) ұлғайтуды көздемейді |
«Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы»
ММ басшысы Д. Жандаев
Орынд.: А. Успанов
тел.: 390518