Қостанай облысының Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің қорытындылары (2023 жылғы 01 тамыз)

Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторы 488 медициналық объектіні қамтиды (2022 ж. 01.08. – 489).

Облыс тұрғындарына: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 ЖИТС орталығы, 7 емхана, 40 дәрігерлік амбулатория, 73 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт) емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді.

Облыстағы медициналық ұйымдардың төсек-орын қоры 4 361 кереуетті құрайды.

Төсек-орындармен қамтамасыз ету (10 000 тұрғынға шаққанда) 52,52 құрайды.

Облыста 1 890 дәрігер (2022 ж. 01.08. – 1 892) және 6 010 орта медицина қызметкері (2022 ж. 01.08. – 5 964) жұмыс істейді.

Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) дәрігерлермен қамту - 22,66 (2022 ж. 01.08.– 21,97), орта медицина қызметкерлерімен қамту – 72,07 (2022 ж. 01.08. – 69,25) құрайды.

Сәбилер өлімінің көрсеткіші (1000 сәбиге шаққанда, облыстық балалар ауруханасының ҰӘБ деректеріне сәйкес) төмендеді:

  • 2022 жыл – 12,3/74
  • 2023 жыл – 7,5/43

Ана өлімінің көрсеткіші (100 000 шаққанда, облыстық балалар ауруханасының ҰӘБ деректеріне сәйкес) артты:

  • 2022 жыл - 0,0/0
  • 2023 жыл – 17,5/1

Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 21,0-ден 18,1-ге дейін төмендеді.

Туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 1,4-тен 1,6-ға дейін артты (бастапқы деректер).

15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 0,57 құрады, 2022 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 0,502 құраған.

Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 168,5-тен 199,0-ге дейін артты.

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 38,0-ден 45,7-ге дейін артты (өлім-жітім бойынша бастапқы деректер).  

 

Дата публикации
16 октября 2024