Жоба
Мәслихаттың 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 «Тегін медициналық көмектің, оның ішінде дәрілік заттардың, мамандандырылған емдеу өнімдерінің, медициналық бұйымдардың кепілдік берілген көлемін амбулаториялық емдеу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облыстық мәслихатының ШЕШІМІ:
- Қостанай облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 шілдедегі № 75 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23595 болып тіркелген) «Тегін медициналық көмектің, оның ішінде дәрілік заттардың, мамандандырылған емдеу өнімдерінің, медициналық бұйымдардың кепілдік берілген көлемін амбулаториялық емдеу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін қосымша беру туралы» шешіміне енгізілетін толықтырулар:
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы 21, 22, 23, 24, 25 ,26, 27, 28 тармақтармен толықтырылсын:
«21. Комплимент жүйесінде басым ақауы бар біріншілік иммун тапшылығы ауруы бар азаматтарға арналған «Адам С1-эстераза ингибиторы» препараты.
- Идиопатиялық өкпе артериялық гипертензиясы бар азаматтарға арналған «Селексипаг» препараты.
- Амиотрофиялық бүйірлік склероз, прогрессивті жұлын бұлшықет атрофиясы бар азаматтарға арналған «Рилузол» препараты.
- Склерозбен ауыратын азаматтарға арналған «Кладрибин» препараты.
- Бронх демікпесі бар ересек азаматтарға арналған «Омализумаб» препараты.
- Бүйрек үсті безінің туа біткен дисфункциясы бар 18 жасқа дейінгі балаларға арналған «Гидрокортизон» препараты.
- Криопиринмен байланысты мерзімді синдромдар (CAPS) ауруы бар азаматтарға арналған «Канакинумаб» препараты.
- Перинаталдық кезеңде пайда болған бронх-өкпелік дисплазиясы бар азаматтарға арналған «Паливизумаб» препараты.
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Целиакия дертіне щалдыққан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған арнайы емдік өнім, глютенсіз ұн қоспасы».
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облыстық
мәслихатының төрағасы С. Ещанов