01.04.2024 ж. Қостанай облысының Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің қорытындылары

Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 453 медициналық объект кіреді (2023 жылдың 1 сәуірінде-488).

Облыс халқына едеу-алдын алу көмегін көрсетеді: 27 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 5 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 426 амбулаториялық-емханалық ұйым және АМСК объектісі (1 жедел медицциналық жәрдем станциясы, 1 ЖИТС орталығы, 7 емхана, 40 дәрігерлік амбулатория, 73 фелдшерлік-акушерлік пункт, 294 медициналық пункт).

Кереуеттермен қамтамасыз етілу (10 000 тұрғынға шаққанда) құрайды 50,72.

Облыстың медициналық ұйымдарының кереуеттік қоры 4 368 төсекті құрайды.

Облыста 1 952 дәрігер жұмыс істейді  (2023 жылдың 1 сәуірінде -1 904) және орта медицина қызметкері 6 066 (2023 жылдың 1 сәуірінде -6 056).

Облыс бойынша дәрігерлермен қамтамасыз етілу-22,66 (2023 жылдың 1 сәуірінде-22,11), орта медицина қызметкерлерімен -7044 (2023 жылдың 1 сәуірінде-70,32).

Дәрігерлік кадрлардың тапшылығы  249 адамды құрайды  (2023 ж.-312), соның ішінде ауылда-71 адам (2023 ж.-84).

Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері.

1) КАМАЗ мамандандырылған автокөлігінің саны 4, автобустар 11.

АМК автокөліктерінің жай-күйі: 14 жарамды күйде , 1-уі тозған.

АМК медициналық қараулармен қамту үшін жоспарланған халықтың саны  37 697 (2024 ж.жоспарда-37 697).

2) Жүкті әйелдерді босануға дейінгі жеке және салааралық бақылаумен қамтуды ұлғайту –жылдық жоспардың 85,3% қамтылды (индикатор 85%)

3)1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтуды ұлғайту –қамту 77 % құрады (жылдық жоспарда 76%);

4) Мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалтумен қамтуды ұлғайту– 552 емделген бала немесе жылдық жоспардан (индикатор 2 605 бала).

1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен қамтуды ұлғайту-552 емделген бала немесе жылдық жоспардың 21,1 % (индикатор 2 605 бала).

5) Туу (1000 тұрғынға шаққанда) 1,9 – 1 639 адамды құрады (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 1,9-1 688).

Босанулардың саны 2 203 (2023 жыл ішінде -2475), 2023 жылға қарағанда 272 кем.

6) Жалпы өлім-жітім 1000 тұрғынға шаққанда стандартталған көрсеткіші. 2023 ж.ұқсас кезеңімен салыстырғанда өлгендердің саны 827-ден 807 азайды. Өлім-жітімнің жалпы көрсеткіші сол күйінде қалды және 1,7 құрады.

7) ҚЖА сырқаттану (100 мың тұрғынға шаққанда)  517,2 – 4454 адамды құрады (2023 ж – 457,3- 3814).Өсім 59,9.

8) 100 мың тұрғынға шаққанда қан айналымы жүйесі ауруларынан (ҚАЖ) болатын өлім-жітім. Статистика департаментінің деректері бойынша ҚЖА болатын өлім-жітім өткен жылмен салыстырғанда 28,1-234 адамға азайды (2023 ж. 36,2-312 адам).

ҚЖА болатын өлім-жітімнің құрылымында  жүректің ишемиялық ауруынан (ЖИА) болатын өлім-жітім  негізгі үлесін алып отыр-8,2-51 адам ( өткен жылдың ұқас кезенінде 9,0-59);

Ми қанайналымының жіті бұзылуларынан (МҚЖБ)-4,0-33 (өткен жылдың ұқсас кезенінде-4,8-41).

Жіті миокард инфарктісінен (ЖМИ) 2,2-14 құрады (өткен жылдың ұқсас кезенінде-1,8-12)

9) Қатерлі ісіктермен ауыру (100 мың тұрғынға шаққанда) 79,2 құрады  (2023 жылдың ұқсас кезеңі ішінде-74,4) өсім 4,8.  (Қатерлі ісіктердің анықталуының ұлғаюы облыста медициналық көмек көрсетуді белсендірумен байланысты (АМСК жоспарлы жұмысы ұлғайды, скринингтік тексерулерді өткізу, онкологиялық ауруларға күдікті пациенттерге КДҚ өсуі,тексеру маршруттары мен мерзімдерінің сақталуы.

Онкологиялық скринингтің 3 түрі өткізіледі: сүт безі обырын ерте анықтауға арналған скрининг– 31 % - 15650, жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған скрининг-42,9 % - 14779, колоректальды қатерлі ісікті ерте анықтауға арналған скрининг29,8 % - 18428 жоспардан барлығы (жоспарда 146646 адам).

10) 2024 жылдың  наурыз айында қатерлі ісіктерден өлім көрсеткіші  100 мың тұрғынға шаққанда 19,4 құрады (2023 жылғы наурыз айында-20,2) 0,8-ге  төмендеді

11) 2024 жылдың наурыз айында туберкулезбен сырқаттану 100 мың тұрғынға шаққанда 11,9 құрады (2023 жылдың ұқсас кезеңі ішінде-100 мың тұрғынға шаққанда 12,2) 0,3  төмендеді.

12)  Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанжа 0,1-1 жағдайды құрады, (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 0,8 -7 жағдай),0,7 төмендеді.

13) Жарақаттанудан, уланудан және жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда төмендеді және 8,5 құрады (2023 ж-12,7) 4,2 төмендеді.

14) Ана өлім-жітімінің көрсеткіші ( 100 мың тірі туылғандарға шаққанда) 45,1 - 1 жағдайды құрады (за март 2023жылдың наурыз айын ішінде  – 40,1 – 1 жағдай). Көрсеткіш 5-ке өсті.

15) Нәресте өлім-жітім көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға шаққанда) 10,8-24 жағдайды құрады (2023 жылдың наурыз айында 7,6-19 жағдай). Көрсеткіш 3,2 артты.

Дата публикации
29 апреля 2024