Тендер жүргізу тәсілімен иммунологиялық дәрілік препараттарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А) иммунологиялық дәрілік препараттарды сатып алу бойынша тендер һткізу туралы хабарлайды:

№ 1 лот – Тірі құрғақ түйнеме вакцинасы – 400 доза;

№ 2 лот – Тірі құрғақ туляремия вакцинасы – 600 доза;

№ 3 лот – Сұйық туляремия аллергені – 0,8 литр.

Жеткізу орны – «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ (Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А).

Сатып алу үшін бөлінген сома -  6 752 000,00  теңге, соның ішінде        № 1 лот бойынша – 2 400 000,00 теңге, № 2 лот бойынша – 1 152 000,00 теңге, № 3 лот бойынша – 3 200 000,00 теңге.

Жеткізу мерзімі – 2020 жылғы 31 қазанға дейін.

Жеткізу шарттары – тауарды жеткізу белгіленген пунктке тасымалдау уақытында зақымдалудан немесе бұзылудан оларды алдын алуға қабілетті орамада жүзеге асырылады. Орама қандай да бір шектеулерсіз қарқынды көтеру-көлік өңдеуге және тасу кезіндегі температуралар, тұздар мен шөгінделер, сондай-ақ ашық сақтау әсеріне шыдауға тиіс.

Тендерлік құжаттама www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-densaulyk интернет-ресурсында орналасқан.

Тендерлік өтінімдер әлеуетті өнім берушілермен «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А, 201 кабинет мекенжайы бойынша  сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады.

Тендерлік өтінімдерді берудің саңғы мерзімі 2020 жыл 04 қыркүйек күні сағат 10.00-ге дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А, 201 кабинет мекенжайы бойынша 2020 жылы 04 қыркүйек күні сағат 11.00-де ашылатын болады.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы  8 (714-2) 390-516 телефоны бойынша алуға болады.

ТД
Дата публикации
14 августа 2020