01.06.2023 ж. Қостанай облысының Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің қорытындылары

Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 488 медициналық нысан кіреді (01.06.2022 ж. – 489).

Облыс тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 Жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 орталық ЖИТС, 7 емхана, 40 дәрігерлік амбулатория, 73 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт).

Облыстың медициналық ұйымдарының төсек қоры 4 361 кереуетті құрайды.

Төсектермен қамтамасыз ету (10 000 тұрғынға шаққанда) 52,29 құрайды.

Облыста 1 904 дәрігер (01.06.2022 ж.-1 908) және 6 056 орта медицина қызметкері (01.06.2022 ж. – 6 007) жұмыс істейді.

Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) қамтамасыз етуді дәрігерлер – 22,83 (01.06.2022 ж. – 22,16), орта медицина қызметкерлерімен – 72,62 (01.06.2022 ж. – 69,75) құрайды.

Сәбилер өлімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) төмендеді:

2022 жыл-13,5 / 57
2023 жыл-8,1/33

Ана өлімінің көрсеткіші (100 000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) өсті:

2022 жыл-0,0 / 0
2023 жыл-24,6 / 1

Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 18,0-ден 18,1-ге дейін өсті.

Туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 0,7-ден 1,2-ге дейін өсті (алдын ала деректер).

15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 0,566 құрады, 2022 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 0,492 құрады.

Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 122,3-тен 138,2-ге дейін өсті.

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 32,3-тен 32,1-ге дейін төмендеді (өлім-жітім бойынша алдын ала деректер).

Дата публикации
23 июня 2023