Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 488 медициналық нысан кіреді (01.05.2022 ж. – 489).
Облыс тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 Жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 орталық ЖИТС, 7 емхана, 40 дәрігерлік амбулатория, 73 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт).
Облыстың медициналық ұйымдарының төсек қоры 4 361 кереуетті құрайды.
Төсектермен қамтамасыз ету (10 000 тұрғынға шаққанда) 50,64 құрайды.
Облыста 1 904 дәрігер (01.05.2022 ж.-1 908) және 6 056 орта медицина қызметкері (01.05.2022 ж. – 6 007) жұмыс істейді.
Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) қамтамасыз етуді дәрігерлер – 22,11 (01.05.2022 ж. – 22,16), орта медицина қызметкерлерімен – 70,32 (01.05.2022 ж. – 69,75) құрайды.
Сәбилер өлімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) төмендеді:
2022 жыл-12,2 / 41
2023 жыл-7,4/24
Ана өлімінің көрсеткіші (100 000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) өсті:
2022 жыл-0,0 / 0
2023 жыл-30,97 / 1
Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 15,0-ден 15,6-ға дейін өсті.
Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 0,6-дан 1,0-ге дейін өсті (алдын ала деректер).
15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 0,56 құрады, 2022 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 0,489 құрады.
Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 98,1-ден 108,9-ға дейін өсті.
Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 25,8-ден 25,1-ге дейін төмендеді (өлім-жітім бойынша алдын ала деректер).