Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 489 медициналық нысан кіреді (01.03.2022 ж. – 489).
Облыс тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 Жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 орталық ЖИТС, 7 емхана, 40 дәрігерлік амбулатория, 73 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт).
Облыстың медициналық ұйымдарының төсек қоры 4 351 кереуетті құрайды.
Төсектермен қамтамасыз ету (10 000 тұрғынға шаққанда) 50,52 құрайды.
Облыста 1 915 дәрігер (01.03.2022 ж.-1 920) және 6 117 орта медицина қызметкері (01.03.2022 ж. – 6 059) жұмыс істейді.
Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) қамтамасыз етуді дәрігерлер – 22,24 (01.03.2022 ж. – 22,16), орта медицина қызметкерлерімен – 71,03 (01.03.2022 ж. – 69,92) құрайды.
Сәбилер өлімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) төмендеді:
2022 жыл-15,4/26
2023 жыл-8,9/15
Ана өлімінің көрсеткіші (100 000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) өсті:
2022 жыл-0,0 / 0
2023 жыл-59,6 / 1
Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 6,9-дан 8,2-ге дейін өсті. Туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 0,3-тен 0,5-ке дейін өсті (алдын ала деректер).
15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 0,520 құрады, 2022 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 0,483 құрады.
Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 41,7-ден 48,6-ға дейін өсті.
Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 11,8-ден 14,9-ға дейін өсті (өлім-жітім бойынша алдын ала деректер).