01.02.2023 ж. Қостанай облысының Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің қорытындылары

Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 489 медициналық нысан кіреді (01.02.2022 ж. – 489).

            Облыс тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 Жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 орталық ЖИТС, 7 емхана, 40 дәрігерлік амбулатория, 73 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт).

            Облыстың медициналық ұйымдарының төсек қоры 4 351 кереуетті құрайды.

            Төсектермен қамтамасыз ету (10 000 тұрғынға шаққанда) 50,52 құрайды.

            Облыста 1 915 дәрігер (01.02.2022 ж.-1 920) және 6 117 орта медицина қызметкері (01.02.2022 ж. – 6 059) жұмыс істейді.

            Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) қамтамасыз етуді дәрігерлер – 22,24 (01.02.2022 ж. – 22,16), орта медицина қызметкерлерімен – 71,03 (01.02.2022 ж. – 69,92) құрайды.

            Сәбилер өлімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) төмендеді:

            2022 жыл-17,0 / 15

            2023 жыл-7.0 / 6

            Ана өлімінің көрсеткіші (100 000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) өсті:

            2022 жыл-0,0 / 0

            2023 жыл-116,7 / 1

            Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 3,5-тен 5,0-ге дейін өсті.

            Туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 0,0-ден 0,1-ге дейін өсті (алдын ала деректер).

            15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 0,516 құрады, 2022 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 0,481 құрады.

            Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 18,7-ден 21,1-ге дейін өсті.

            Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 6,9-дан 9,0-ге дейін өсті (өлім-жітім бойынша алдын ала деректер).

Дата публикации
23 июня 2023