Қостанай облысының Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің 01.12.2022 ж. қорытындылары

Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 489 медициналық нысан кіреді (01.12.2021 ж. – 489). 

Облыс тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 Жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 орталық ЖИТС, 7 емхана, 40 дәрігерлік амбулатория, 73 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт). 

Облыстың медициналық ұйымдарының төсек қоры 4 364 кереуетті құрайды. Төсектермен қамтамасыз ету (10 000 тұрғынға шаққанда) 50,67 құрайды. 

Облыста 1 920 дәрігер (01.12.2021 ж.-1 933) және 6 169 орта медицина қызметкері (01.12.2021 ж. – 6 123) жұмыс істейді. 

Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) қамтамасыз етуді дәрігерлер – 22,29 (01.12.2021 ж. – 22,31), орта медицина қызметкерлері – 71,63 (01.12.2021 ж. – 70,66) құрайды. 

Сәбилер өлімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) өсті: 

2021 жыл-11,1 / 113

2022 жыл-12,3/117 

Ана өлімінің көрсеткіші (100 000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) төмендеді: 

2021 жыл-49,2 / 5

2022 жыл-20,9 / 2 

Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 37,9-дан 41,8-ге дейін өсті. 

Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 2,5-тен 1,4-ке дейін төмендеді (алдын ала деректер). 

15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 0,510 құрады, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 0,475 құрады. 

Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 255,5-тен 293,7-ге дейін өсті. 

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 77,2-ден 72,8-ге дейін төмендеді (өлім-жітім бойынша алдын ала деректер).

Дата публикации
23 июня 2023