01.11.2022 ж.Қостанай облысының Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдары қызметінің қорытындылары

Қостанай облысының мемлекеттік денсаулық сақтау секторына 489 медициналық нысан кіреді (01.11.2021 ж. – 489).

Облыс тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді: 29 стационарлық ұйым (1 облыстық балалар және 1 облыстық аурухана, 7 қалалық аурухана, 1 фтизиопульмонология орталығы, 1 облыстық психикалық денсаулық орталығы, 16 аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана); 451 амбулаториялық-емханалық ұйым және МСАК объектілері (1 Жедел медициналық жәрдем станциясы, 1 орталық ЖИТС, 7 емхана, 41 дәрігерлік амбулатория, 72 фельдшерлік-акушерлік пункт, 329 медициналық пункт).

Облыстың медициналық ұйымдарының төсек қоры 4 349 кереуетті құрайды.

Төсектермен қамтамасыз ету (10 000 тұрғынға шаққанда) 50,50 құрайды.

Облыста 1 920 дәрігер (01.11.2021 ж.-1 933) және 6 169 орта медицина қызметкері (01.11.2021 ж. – 6 123) жұмыс істейді.

Облыс бойынша (10 000 тұрғынға шаққанда) қамтамасыз етуді дәрігерлер – 22,29 (01.11.2021 ж. – 22,31), орта медицина қызметкерлері – 71,63 (01.11.2021 ж. – 70,66) құрайды.

Сәбилер өлімінің көрсеткіші (1000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) өсті:

2021 жыл-11,2 / 104
2022 жыл-12,1 / 105

Ана өлімінің көрсеткіші (100 000 тірі туылғандарға, облыстық балалар ауруханасының ОМО деректері) төмендеді:

2021 жыл-53,9 / 5
2022 жыл-23,0 / 2

Туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 35,5-тен 38-ге дейін өсті.

Туберкулезден болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 2,3-тен 1,2-ге дейін төмендеді (алдын ала деректер).

15-49 жас тобындағы АИТВ-инфекциясының таралу көрсеткіші 0,508 құрады, 2021 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 0,474 құрады.

Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 230,5-тен 257,3-ке дейін өсті.

Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 67,7-ден 66,1-ге дейін төмендеді (өлім-жітім бойынша алдын ала деректер).

Дата публикации
23 июня 2023