"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;
3) осы қаулыға қосымшаға сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар айқындалсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 06.06.2019 № 380 қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.06.2015 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының | |
| Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
| Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысына қосымша |
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 06.06.2019 № 380 қаулысымен.
|
Р/с № |
Келісетін мемлекеттік орган |
Лицензияланатын қызмет түрі |
Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі |
Лицензиар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет |
1. Есірткі заттарын әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою. |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
2 |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет |
1. Есірткі заттарды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою. |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
|
3 |
Денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет |
сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою |
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган |