Тендер жүргізу тәсілімен Қостанай облысының медициналық ұйымдары үшін медициналық бұйымдарды (медициналық техниканы) сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А) Қостанай қаласының медициналық ұйымдары үшін сатып алу бойынша тендер һткізу туралы хабарлайды:

№ 1 лот – операциялық микроскоп – 1 жинақ.

Жеткізу орны – Қостанай қаласының медициналық ұйымдары.

Сатып алу үшін бөлінген сома -  57 000 000,00 теңге, оның ішінде №1 лот бойынша – 57 000 000,00 теңге.

Жеткізу мерзімі – 2021 жылғы 10 желтоқсанға дейін

Жеткізу шарттары – тауарды жеткізу белгіленген пунктке тасымалдау уақытында зақымдалудан немесе бұзылудан оларды алдын алуға қабілетті орамада жүзеге асырылады. Орама қандай да бір шектеулерсіз қарқынды көтеру-көлік өңдеуге және тасу кезіндегі температуралар, тұздар мен шөгінделер, сондай-ақ ашық сақтау әсеріне шыдауға тиіс.

Тендерлік құжаттама www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-densaulyk  интернет-ресурсында орналасқан.

Тендерлік өтінімдер әлеуетті өнім берушілермен «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А, 201 кабинет мекенжайы бойынша  сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады.

Тендерлік өтінімдерді берудің саңғы мерзімі 2021 жылы 11 қазан күні сағат 10.00-ге дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А, 201 кабинет мекенжайы бойынша 2021 жылы 11 қазан күні сағат 11.00-де ашылатын болады.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы  8 (714-2) 390-516 телефоны бойынша алуға болады.

Тендерлік құжаттама
Дата публикации
21 сентября 2021