Кайта тендер жүргізу тәсілімен дәрілік заттарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А) дәрілік заттарды сатып алу бойынша кайта тендер өткізу туралы хабарлайды:

№ 1 лот –– Третиноин – 400 таблетка/капсула;

№ 2 лот –– Лакосамид – 728 таблетка.

Жеткізу орны – «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ (Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А).

Сатып алу үшін бөлінген сома - 715 989,60 теңге, соның ішінде № 1 лот бойынша – 508 000,00 теңге, №2 лот бойынша – 207 989,60 теңге.

Жеткізу мерзімі – 2021 жылғы 31 қазанға дейін

Жеткізу шарттары – тауарды жеткізу белгіленген пунктке тасымалдау уақытында зақымдалудан немесе бұзылудан оларды алдын алуға қабілетті орамада жүзеге асырылады. Орама қандай да бір шектеулерсіз қарқынды көтеру-көлік өңдеуге және тасу кезіндегі температуралар, тұздар мен шөгінделер, сондай-ақ ашық сақтау әсеріне шыдауға тиіс. Тендерлік құжаттама www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-densaulyk интернет-ресурсында орналасқан.

Тендерлік өтінімдер әлеуетті өнім берушілермен «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А, 201 кабинет мекенжайы бойынша сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады.

Тендерлік өтінімдерді берудің саңғы мерзімі 2021 жылы 05 қазан күні сағат 10.00-ге дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А, 201 кабинет мекенжайы бойынша 2021 жылы 05 қазан күні сағат 11.00-де ашылатын болады.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы 8 (714-2) 390-516 телефоны бойынша алуға болады.

Тендерлік құжаттама
Дата публикации
20 сентября 2021