Тендер жүргізу тәсілімен Қостанай облысының медициналық ұйымдары үшін медициналық бұйымдарды (медициналық техниканы) сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А) Қостанай қаласының медициналық ұйымдары үшін сатып алу бойынша тендер һткізу туралы хабарлайды:

№ 1 лот – компьютерлік томография жүйесі (64 тілім) – 1 жинақ;

№ 2 лот – жиынтықтағы эндоскопиялық аз инвазивті операциялар жүйесі -1 жинақ;

№ 3 лот – гинекологиядағы лапароскопияға арналған аспаптармен эндоскопиялық хирургияға арналған бейне кешені – 1 жинақ;

№ 4 лот– - эндоскопиялық аз инвазивті урологиялық операциялар жүйесі.

Жеткізу орны – Қостанай қаласының медициналық ұйымдары.

Сатып алу үшін бөлінген сома -  529 485 000,00 теңге, оның ішінде №1 лот бойынша - 237 400 000,00 теңге, №2 лот бойынша - 101 140 000,00 теңге, №3 лот бойынша - 75 120 000,00 теңге, №4 лот - 115 825 000,00 теңге.

Жеткізу мерзімі – 2021 жылғы 30 қарашаға дейін

Жеткізу шарттары – тауарды жеткізу белгіленген пунктке тасымалдау уақытында зақымдалудан немесе бұзылудан оларды алдын алуға қабілетті орамада жүзеге асырылады. Орама қандай да бір шектеулерсіз қарқынды көтеру-көлік өңдеуге және тасу кезіндегі температуралар, тұздар мен шөгінделер, сондай-ақ ашық сақтау әсеріне шыдауға тиіс.

Тендерлік құжаттама www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-densaulyk  интернет-ресурсында орналасқан.

Тендерлік өтінімдер әлеуетті өнім берушілермен «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А, 201 кабинет мекенжайы бойынша  сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады.

Тендерлік өтінімдерді берудің саңғы мерзімі 2021 жылы 27 қыркүйек күні сағат 10.00-ге дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А, 201 кабинет мекенжайы бойынша 2021 жылы 27 қыркүйек күні сағат 11.00-де ашылатын болады.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы  8 (714-2) 390-516 телефоны бойынша алуға болады.

Тендерлік құжаттама
Дата публикации
07 сентября 2021