Тендер өткізу тәсілімен дәрілік заттарды сатып алуды өткізу туралы хабарландыру

«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А) дәрілік заттарды сатып алу бойынша тендер өткізу туралы хабарлайды:

№ 1 лот –– Этеплирсен – 39 флакон;

№ 2 лот –– Этеплирсен – 52 флакон;

№ 3 лот –– Нусинерсен – 12 флакон.

Жеткізу орны – «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ (Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А).

Сатып алу үшін бөлінген сома -  742 883 984,64  теңге, соның ішінде № 1 лот бойынша – 30 771 000,00 теңге, № 2 лот бойынша – 205 140 000,00 теңге, № 3 лот бойынша – 506 972 984,64 теңге

Жеткізу мерзімі – 2021 жылғы 15 қарашаға дейін

Жеткізу шарттары – тауарды жеткізу белгіленген пунктке тасымалдау уақытында зақымдалудан немесе бұзылудан оларды алдын алуға қабілетті орамада жүзеге асырылады. Орама қандай да бір шектеулерсіз қарқынды көтеру-көлік өңдеуге және тасу кезіндегі температуралар, тұздар мен шөгінделер, сондай-ақ ашық сақтау әсеріне шыдауға тиіс.

Тендерлік құжаттама www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-densaulyk интернет-ресурсында орналасқан.

Тендерлік өтінімдер әлеуетті өнім берушілермен «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне, Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А, 201 кабинет мекенжайы бойынша  сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылады.

Тендерлік өтінімдерді берудің саңғы мерзімі 2021 жылы 23 қыркүйек күні сағат 10.00-ге дейін.

Тендерлік өтінімдері бар конверттер Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4А, 201 кабинет мекенжайы бойынша 2021 жылы 23 қыркүйек күні сағат 11.00-де ашылатын болады.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы  8 (714-2) 390-516 телефоны бойынша алуға болады.

Тендерлік құжаттама
Дата публикации
03 сентября 2021